Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Халық марқасы» жалпыұлттық байқауына қатысуға 70-тен астам өтініш түсті

Отандық тағам өнімдерін өндірушілерді қолдауға бағытталған «Халық марқасы» жалыұлттық байқауына қатысуға 70-тен астам өтініш түсті, деп хабарлайды «Қазақстанда жасалған-Халық марқасы» жобасының жетекшісі Рима Тәжібаева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

«Қазір байқаудың қабылдау мен тіркеуден тұратын бірінші кезеңі өтіп жатыр. Бүгінгі таңда біз байқауға қатысуға ниет білдірген 70-тен астам өтініштерді алдық. Ресми түрде 24 бренд тіркелді. Айта кететін мәселе, біз ең көп өтінішті дәнді дақылдар мен сүт өндірушілерден алдық»,-деді Р.Тәжібаева.

Оның сөзінше, байқау барысында ашыған сүт өнімдерін өндірушілер үшін тағы бір аталым тағайындалып, оған осы деңгейдегі брендттерден 16 өтініш түскен.

«Жасыл экономика үшін» коалициясы және Global-ды дамыту заңды тұлғалар бірлестігінің президиум төрайымы, Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева байқаудың біздің еліміз үшін ерекше жаңа жоба екендігін айтып өтті.

«Байқаудың басты ерекшелігі онда түрлі аталымдар бойынша 30 ең үздік деп табылған өнім өндіруші халықтық дауыс беру арқылы таңдап алынады.  Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстандағы 2 мыңнан астам азық-түлік өнімдерін өндірушілер ДСҰ мен Еуразиялық экономикалық одақ аясында лайықты бәсекелесе алу үшін өздерінің өнімдерінің сапасын тұрақты арттырып отырулары керек. Біз барлық отандық өнім өндірушілерді байқауға қатысуға шақырамыз»,-деді ол.

Байқаудың бірінші кезеңі 25-тамыз күні аяқталып, онлайн-дауыс беру шаралары басталады және ол шара 31-қыркүйеккке дейін жалғасады. 30 жеңімпазды марапаттау рәсімі 16-қазан күні Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесіндегі қазақстандық павильонда өтеді.

Сонымен қатар, «Қазақстанда жасалған» жазуымен 100 мың логотип елдің 19 мың сауда орталығында орнатылды. «Қазақстанда жасалған» жазуымен 100 мың логотип елдің 19 мың сауда орталығында орнатылды, деді ОКҚ брифингінде NADLoC «Жергілікті қамту бойынша ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры Әділхан Арыстанов.

«Елбасының тапсырысы бойынша «Қазақстанда жасалған» бастаумен отандық өнімді насихаттау шаралары жүруде. Барлық желілер мен ел өңірлерінде отандық тауар секциялары ашылуда, ал жергілікті өнімді таныстыру үшін бірыңғай логотип дайындалды. Ол сауда орталықтарында орналастырылды», - деді А.Арыстанов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 19 мың сауда орталығында 100 мың логотип орналастырылды.

«Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстанда жасалған форумы» ұйымдастырылды. Оған 80 компания қатысты. Олар фармацевтика, өндірістік химия, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары саласында қызмет етеді», - деді ол.

Ақпарат көзі

 

0
0
390

Осы тақырып бойынша

«Халық марқасы» жалпыұлттық байқауына қатысуға 70-тен астам өтініш түсті - Yvision.kz