Британиялық Фрум «Тур де Франс» веложарысының 10-шы кезеңінде жеңіске жетті
Team Sky командасының мүшесі британиялық велоспортшы Крис Фрум «Тур де Франс» көпкүндігінің 10-шы кезеңінің жеңімпазы атанды.
Екінші болып мәреге оның командадағы серіктесі австралиялық Ричи Порт, үшінші болып колумбиялық Наиро Кинтана (Movistar) жетті. Тарб — Ла Пьер-Сен-Мартен «таулы» кезеңі 167 км құрады.
Бұрынғыдай Кристофер Фрум көш бастап келеді. Альберто Контадор — алтыншы орында. «Тинькофф Саксоның» басқа спортшысы словакиялық Петер Саган ұпайлық классификациясының лидерлік статусынан айырылды.

