Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тур де Франста» Нибалидің орнына Фульсангты капитандыққа ауыстырамыз

Ekstrabladet.dk-ға берген сұхбатында  «Astana» командасының бас менеджері Александр Винокуров «Тур де Франс» жарысында капитанды ауыстыру шешімін түсіндірді.

«Нибалиде — психологиялық проблемалар, Винченцо сынды спортшыда ауыр күннің болуы да мүмкін емес.  Оның дайындығы жақсы, сондықтан мәселе мұнда емес. Бұл — спорт.

Біз оның орнына Якоб (Фульсангты) қоюға тырысамыз. Ол жақсы бастады, оған Контадорды қуып жетіп уақытты ұту үшін еркіндік бердік.

Жарыстың соңына дейін екі апта бар. Әрине бұл жолғы „Тур де Франста» жеңімпаздыққа таласа алмайтын болдық.

Енді жағдайды жақсарту үшін бар күшімізді салуымыз керек, Якоб кезеңде жеңіске жетеді деп үміттенеміз», — деді Винокуров.

 
Басты сөздер: Спорт
 
0
0
242

Осы тақырып бойынша

«Тур де Франста» Нибалидің орнына Фульсангты капитандыққа ауыстырамыз - Yvision.kz