Шымкентте әуежайдың жаңа терминалы жобасы таныстырылды
«Airport Management Group» атқарушы компаниясы Шымкент қаласындағы жаңа мультимодальды көлік орталығының жаңа жобасын жария етті, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ. Хабарламада айтылғандай, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Мырзахметов пен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев қатысқан кездесуде «Airport Management Group» атқарушы компаниясының басқарма төрағасы Клод Бадан Шымкент әуежайының даму барысы туралы баяндады. «Жоба концепциясы бойынша жаңа терминал темір жол және автобус станциясымен ұштасады, және қазір іске қосылуға дайындалып жатқан көлік-логистикалық орталықпен де байланысады. Әуежайдың осылайша дамуы Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылғалы отыр», - делінген хабарламада. Жоба екі сатыға бөлінген. Бірінші кезеңде аумағы 18 мың шаршы метрге жететін, өткізу…
