Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада 24 шілде күні грек-рим, еркін және әйелдер күресінен «Президент Кубогы» өтеді

Турнирге Қазақстан Ұлттық құрамасы 2 құраммен қатысады. Сондай-ақ, «Президент кубогы» жарысына Ресей, Үндістан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Грузия және Беларусь елінің палуандары қатыспақ. Грек-рим күресінен сынға түсетін елдер: Қазақстан, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Грузия, Беларусь. Еркін күрестен бозкілемге шығатындар: Қазақстан, Үндістан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия. Әйелдер күресінен «Президент Кубогына» қатысатын елдер: Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Үндістан. Қазақстан Ұлттық құрамасының «Президент Кубогына» қатысатын палуандар тізімі: Еркін күрес, 1 құрам: 57 кг: Расул Қалиев, 61 кг: Дәулет Ниязбеков, 65 кг: Мейіржан Әшіров, 70 кг: Нұрлан Бекжанов, 74 кг: Жігер Зәкіров, Ақжүрек Таңатаров, 86 кг: Азамат Дәулетбеков, Ералы Әбдірашев,…

0
0
665

Бүгін мүлікті жария ету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Вице – министрі А.М. Теңгебаевтың брифингі болып өтті.

Жария ету 2014 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Бүгінгі күнге барлығы болып 292,6 млрд. теңге жария етілді, оның ішінде: ҚР аумағындағы мүлік бойынша 30 901 объекті және сомасы 218,9 млрд. теңгеге бағалы қағаздар, ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлік бойынша 17 объекті және сомасы 636,5 млн. теңгеге бағалы қағаздар жария етілді; сомасы 73,0 млрд. теңгеге ақша жария етілді. Қаржы министрлігі, мүлікті жария ету мен кепілдіктерді қамтамасыз ету процесін құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалаудан жеңілдету жағына қарай қайта қарау туралы Мемлекет Басшысы берген тапсырмаларды іске асыру үшін тиісті заң жобасын әзірледі. Ақша бойынша жария етуді, оларды екінші деңгейдегі банктерде міндетті түрде орналастырумен ғана емес, сол сияқты мұндай жағдайда өзінің қалауы бойынша шекте…

0
0
363

Қорғаныс министрі «Батыр аруларды» марапаттады

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қарулы Күштерінің әскери қызметші қыз-келіншектері арасында өткен «Батыр арулар» бірінші республикалық байқауының жеңімпазы атанған он екі үздік аруды салтанатты түрде марапаттады. Естеріңізге салай кетейік, жыл басында Қорғаныс министрлігі әскери қыз-келіншектер арасында байқау ұйымдастырған. Үміткерлер алдымен фотосуреттерін қорғаныс ведомоствосының сайтына жіберіп, ең көрікті деген аруларды көрермендер ашық түрде дауыс беру арқылы іріктеген. Көптеген үміткерлердің арасында алға суырылған үздік он екі әскери қызметші әскери тапсырмалар орындап, түрлі жауынгерлік сайыстар бойынша жарысқа түскен болатын. «Батыр арулар» байқауы ер-азаматтармен тең дәрежеде иық тіресіп Отанға қызмет етуге арнаған әскери қызметші қыз-ке…

0
0
709

Қазақстан шетелде өндірілген құс етін өткізуге уақытша тыйым салды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының аумағында жосықсыз өндірушілер өндіретін құс етін өткізу уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар етеді. Мұндай шешім санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша мынадай өндірушілерден патогенді микрофлоралардың (Salmonella) анықталуы бойынша қабылданды: - «Мясоптицекомбинат «Благодарненский» ААҚ-ы өндіретін «Благояр» балапан еті (Ресей Федерациясы, Ставрополь өлкесі, Благодар қаласы); - «Мироновская птицефабрика» ЖАҚ өндіретін бройлер балапан ұшасы (Украина, Черкасск облысы, Канев ауданы, Степанцы селосы); - «Нагайбакский птицеводческий комплекс» ЖШҚ өндіретін бройлер балапан және бройлер балапанның төс еті (Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Нагайбак ауданы); - «Юбилейное» ЖШ…

0
0
543

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мұқтаж жандарға үйде қызмет көрсетеді

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылып отыр. Осы бағытта Халыққа қызмет көрсету орталықтары да үлес қосып, мұқтаж жандарға қолайлы қызмет түрін ұсынды. Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартында кез-келген өтініш беруші немесе оның ресми өкілі ХҚКО-ға өзі келуі тиіс, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл талаптарды орындау кей жағдайда қиынға соғатыны жасырын емес. Осы мәселені ескерген ХҚКО қызметкерлері өздері келіп, азаматтың үйінде қызмет көрсететін болды. Енді әрбір 1-2 топтағы мүгедек жандар ХҚКО қызметтеріне үйінде отырып-ақ тапсырыс бере алады. Ол үшін «1414» қысқа номері арқылы бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өзі жайлы ақпарат беріп,…

0
0
1000

С. Героев: Барлық этностардың мәдениеті, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу Қазақстан халқын біріктіреді

Барлық этноастардың мәдениеті, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу Қазақстан халқын біріктіреді. Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында «Вайнах» шешен-игуш» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Салман Героев осындай пікірімен бөлісті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этномәдени бірлестіктерді өзінің қанатының астына алды. Біз бір-бірімізбен аралса отырып, мәдениет пен әдеп-ғұрып, дәстүрлеріміз туралы білудеміз. Осының барлығы бізді біріктіреді»,-деді С.Героев. Оның сөзінше, қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін, салт- дәстүрлерін тереңірек зерттеу керек. «Түрлі себептерге байланысты бізде бір қазақстандық халық қалыптасты – олардың арасында біз, яғни шешен-ингуш халықтары сияқт…

0
0
433

Қаржы министрлігі мүлікті заңдастыруды жеңілдетуге арналған заң жобасын дайындады

ҚР Қаржы министрлігінде мүлікті заңдастыру үдерісін жеңілдетуге бағытталған заң жобасы дайындалып, құжат Парламентке 2015 жылдың қыркүйек айында қарауға жолданады, деп хабарлады Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. «Мемлекет басшысының мүлікті заңдастыру шарасын жеңілдету жөніндегі тапсырмасы бойынша және құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалауды болдырмау мақсатында арнайы заң жобасы дайындалды»,-деді А.Теңгебаев. Оның сөзінше, азаматтар өздерінің активтерін заңдастыру үшін 3 бағыттың біреуін таңдайды. «Бірінші бағыт бойынша, банк есептеріне оларды сақтау міндетінен босатыла отырып, қаржы аударады және одан төлемдер алынбайды. Бүгінгі таңда депозитте жатқан қаржыны басқада бір мақсаттарға жұмсау үшін ол кемінде 5 жыл…

0
0
343

Қызылорда облысында «Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жұмыссыз жастарға және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған «Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлады облыс әкімдігі. Жобаның мақсаты 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ІТ-технологияларды пайдалануға үйрету болып табылады. Алдына мақсат қойған жастар кітапханадағы «Шаңырақта» бас қосып, электронды білімдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған оқу курстары мен тренингтерге тегін қатыса алады. Орталықта жастар компьютер және Интернетпен жұмыс істеуді үйренеді. Электронды білім оларға интернет арқылы жұмыс орнын іздеуге, әртүрлі әлеуметтік желілерді және электронды…

0
0
569

Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі әлеуметтік нысандарды бақылауда

Депутаттардың өңірлерге сапары аясында Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Әмірхан Рақымжанов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі. Онда халық қалаулысы Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен, облыстық мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ, мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесті. Ә.Рақымжанов жиналғандарға Мәжілістің қызметі мен заң шығармашылығы туралы айтып берді. Аймақта ол «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 320 орындық облыстық көпбағытты аурухананың жұмысымен танысты. Әлеуметтік нысандардың жұмыстарымен танысу шарасы «Достық» су спорты түрлері орталығы мен үшқабатты «Айлин» балабақшасында жалғасты. Балабақшаның жалпы көлемі 3 714,6 шаршы метр. Ең соңғы үлгімен салынған ғимараттың автономды тарнсформатор стансасы…

0
0
477

8,6 мыңнан астам ауыл тұрғыны әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды – ҚР ДСӘДМ

2015 жылғы 16 наурыз бен 20 шілде аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын8605 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ. «Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 8605 азаматтың 5242-сі түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1832 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 1531 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды», - делінген хабарламада. Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 20 шілдеаралығында жұм…

0
0
471