Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен ШҚО-да жүр
Мәжіліс депутаттары Светлана Ферхо мен Александр Милютин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында жүр, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі. Мәжіліс депутаттары Семейде болып, Полковниичий аралында орналасқан ядролық сынақтардан зардап шеккендерге арналған «Өлімнен де мықты» атты монументті көрді. Аралдың құрылысымен танысқан депутаттар бұрынғы понтон көпірі атанып кеткен ауданда болып, жергілікті атқарушы орган өкілдеріне жағалаудың су шайып кеткендігін айтып, оған қатысты тиісті шаралар қолдану қажеттігін ескертті. Одан әрі халық қалаулылары Семей қаласындағы жаңа құрылған Қарағайлы шағын ауданының жоспарыпен егжей-тегжейлі танысып шықты және Назарбаев зяткерлік мектебі нысанының құрылысын көрді. Жоба басшысының орынбасары Айдар Жанбаевтың айтуынша, нысанның құрылысы 60-65 пайызға…