Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

С. Героев: Барлық этностардың мәдениеті, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу Қазақстан халқын біріктіреді

Барлық этноастардың мәдениеті, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу Қазақстан халқын біріктіреді. Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында «Вайнах» шешен-игуш» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Салман Героев осындай пікірімен бөлісті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этномәдени бірлестіктерді өзінің қанатының астына алды. Біз бір-бірімізбен аралса отырып, мәдениет пен әдеп-ғұрып, дәстүрлеріміз туралы білудеміз. Осының барлығы бізді біріктіреді»,-деді С.Героев.

Оның сөзінше, қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін, салт- дәстүрлерін тереңірек зерттеу керек.

«Түрлі себептерге байланысты бізде бір қазақстандық халық қалыптасты – олардың арасында біз, яғни шешен-ингуш халықтары сияқты күштеп көшірілгендер де, тың жерлерді игеру үшін жіберілгендер де, өзге де себептермен келгендер де бар. Осыған қарамастан, осындай қазақтың кең де дархан даласында біздің барлығымыздың бейбітшілік пен достықта өмір сүргеніміз    маңызды. Ол үшін бізге бір-бірімізді жақсылап білу керек. Бүгінгідей кездесулер бізді жақындастырады»,-деді ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.Ел Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Ақпарат көзі

 

0
0
427

Осы тақырып бойынша

С. Героев: Барлық этностардың мәдениеті, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу Қазақстан халқын біріктіреді - Yvision.kz