Мазмұнға өту

Жаңа

«Әйел бақыты» жаңа маусымда жаңа тақырыптарды қозғайды

Хабардың жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы тікелей эфирде ең өзекті мәселелерді талқыламақ.

«Әйел бақыты» хабарының жаңа маусымында жаңа тақырыптар ортаға тасталып, жаңа кейіпкерлердің оқиғасы баяндалмақ. Күнделікті өмірде отбасына да қарап, үй тірлігін де тындырып, қолы қалт етсе, құрбыларымен әңгіме-дүкен құрып та үлгеретін, сәнді киініп, сұлулық сырын да ұмытпайтын әйелдің бақыты неде? Хабар барысында талқыланатын жайттар әр үйде кешкі дастархан басында қозғалатыны сөзсіз. Себебі, «Әйел бақыты» көтеретін тақырыптар әр отбасында бар, әр әйелдің басында кездесетін жағдай. Жаңа маусымда жұлдыздардың ғана емес, сонымен қатар, қарапайым  көрерменнің де сырымен бөліспекпіз.

Ұлттық арнадан «Әйел бақытының» жаңа маусымын күтіңіз!

0
0
258

Джодидің танымалдылығы «Жүрегім саған аманат» фильмінен кейін артқан

«Жүрегім саған аманат» телехикаясын Ұлттық арнадан 5 тамыздан бастап 22:40-та көре аласыздар. Джоди Санта-Мария – 1982 жылдың 16 маусымында дүниеге келген. Отбасының үлкені. Джоди Филиппиндегі ең талантты актрисалардың бірі. Ол актерлік өмірін Abs-cbn компаниясының «Магиялық жұлдызды партия-7» жобасынан бастаған. Бұл жобаға сонымен қатар, «Gimik», «Tabing Ilog», «Pangako Sa'yo», «Kampanerang Kuba», «Нұһ» және «Аспанға бағытталған 100 күн» («100 Дней К Небесам») жобалары кіреді. Ал, актрисаның ең алғашқы түскен фильмі 1991 жылы жарыққа шыққан «Maalaala mo kaya». Актриса бұдан бөлек, «Bagong Buwan», «Cinco», «Gimik» және т.б. фильмдерде ойнаған. Алайда, Джодидің танымалдылығы «Жүрегім саған аманат» телехикаясынан кейін артты. Джоди Санта-Мария 2008 жылы «Sisa» фильмінде сомдаған рөлі үшін «…

1
0
1039

Г.Головкин – А.Уорд жекпе-жегін ұйымдастырушылар ортақ келісімге келе алмады

Орта салмақта көш бастап тұрған Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен супер дивизионда үздік деп танылған Андре Уорд (28-0, 15 КО) арасындағы мегафайт нұсқасын пысықтауы кедергіге тап болды, деп жазады inform.kz.

«Roc Nation Sports» (А.Уорд ) пен «K2 Promotions» (Г.Головкин) әзірге ортақ келісімге келе алмаған.

«Уорд Геннадий Головкинмен келесі кезекте жұдырықтасқысы келеді, алайда 74,4 келі салмақта бұл мүмкін емес», - деп мәлімдеді инсайдер.

Геннадий Голвкин мен Андре Уорд келесі жекпе-жектерін күзде өткізуді жоспарлауда.

0
0
156

Жаңа мамандық ашылды «Мемлекеттік Жастар Саясаты»

Жаңа мамандық ашылды «Мемлекеттік Жастар Саясаты» Жастарға Қызмет Көрсету Орталығы негізінде шілденің 23 жұлдызында С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің ректорыс Орсариев Арын Амангельдиевич Павлодар облысының Жастар Бастамаларын Дамыту Орталығының қала мен аудан қызметкерлері сонымен қатар, жастар ұйымдарының жетекшілері үшін жаңа мамандық «Мемлекеттік Жастар Саясаты» бойынша презентация өткізді. Атап кетерлік тағы бір жайт, бұл мамандық Қазақстан Республикасында тұңғыш болып есептеледі. Толық оқу 2 жылды қамтиды және бір жылдық төлем ақысы 198 000 теңгені құрайды. Берілген бағыт бойынша мынадай 9 тармақ жетіледі: Табыс пен жетекшілік психологиясы; Іскерлік қазақ тілі; Ағылшын тілі; Менеджемент және қызметкерлерді басқару; Мемлекеттік политика; Бюджеттік үдеріс; Но…

0
0
951

Еуразия ұлттық университетін 4573 маман тәмамдады

Оқу жылы аяқталғалы білім саласындағы аласапыран дүркіреп тұр. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан қаншама жастар арманына қанат байлап, өмірдің жаңа белесіне қадам басты. Еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ошақтарының бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құжат қабылдау жөніндегі комиссиясы 20 маусымнан бастап кезекті жұмысын бастады. Биылғы түлектердің қаншасы болашағын Еуразия ұлттық университетіне сеніп тапсырғанын кейін біле жатармыз. Есесіне, университеттің баспасөз қызметі білім ордасын 2014-2015 жылы қанша түлек тәмамдағынын жариялады. Ресми деректерге сүйенсек, биылғы жылы Еуразия ұлттық университетін бітірушілердің саны 4573адамды құраған. Оның ішінде әртүрлі мамандық бойынша 3403 – бакалавр 1102 – магистр және 68адам доктор дәрежесін алды. Ақпараттық технология ф…

0
0
645

«Мәңгілік мұра» атты жаңа жоба іске асады

Қазақстан өнері мен мәдени құндылықтарын әлемдік қауымдастыққа насихаттауға бағытталған «Мәңгілік мұра» атты жаңа жоба қолға алынбақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. Мәдениет және спорт министрлігі «Мәңгілік мұра» атты жаңа жобаны «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында жүзеге асыруды көздеп отыр. Қазақстандағы ұлттардың бір тектілігі мен бірлігін нығайтуға бағытталған бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асады деп күтілуде. Аталмыш жоба арқылы қазақ мұрасы шетелдерде насихатталатын болады. Жоба аясында атқарылатын жұмыстардың басым бөлігі еліміздегі музейлер жұмысының жаңғыртылуымен тікелей байланыста өрбитіндігі айтылды. Соның бір мысалы, Ұлттық музейде ашылуы жоспарла…

0
0
682

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі -жаңа факторлы-балдық шкала тәсілін енгізу

23 шілде 2015 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Берікбол Байхожаев жергілікті «Қазақстан-Қызылорда», «Қоғам ТВ» телеарналарына және «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне «Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі -жаңа факторлы-балдық шкала тәсілін енгізу» туралы сұхбат берді. 23 июля 2015 года руководитель Управления государственной службы и профилактики коррупции Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Кызылординской области Байхожаев Берикбол дал интервью для местных телеканалов «Казахстан-Кызылорда», «Когам ТВ…

0
0
828

«Өнер шежіресі». Ерболат Төлепбайдың шығармашылығы

Қылқалам шебері туындыларының ерекшеліктері туралы бүгін 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз. Ерболат Төлепбайдың кескіндеме туындылары — Қазақстанның соңғы жылдары көркемсурет мәдениеті саласында пайда болған бірден-бір әрі бірегей құбылыс. Қазіргі заманның қазақ халқына ала келген ғаламат өзгерістерін жинақтап көрсету — суретшінің алдына қойған мақсаты. Сальвадор Далидің сюрреализм дәстүріне ден қоя бастаған Ерболат Төлепбайды бір кездері қатарластарының бірі «қазақтың сюрреалисі», деп атаған еді. Сол сөз шындыққа айналғандай. Расында да, Ерболат Төлепбай шығармашылығында көптеген параметрлер бойынша Сальвадор Далимен іштей диалог жүріп жатады. Оны қылқалам шеьерінің «Қалага келген жаңа бала» (Қонақтар), 1981 жыл, «Алыс ауылдағы жайылымнан оралу», 1982 жыл, «Балкон», «1987 жыл» сияқты туынд…

0
0
945

Тұңғыш тарихшы Қадырғали Жалайырдың туғанына 485 жыл

Талдықорғанда Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай ортағасырлық тарихшы, шежіреші, ғұлама ғалым, атақты биі Қадырғали Жалайырдың 485 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында алдымен тарихшы ғалымның ғұмыр дерегі мен қалдырған еңбектеріне қатысты фильм ұсынылды. Қазақтың тұңғыш тарихшысы, қоғам қайраткері, қолбасшы, елші-кеңесші, философ, тарихи публицистиканың негізін қалаушы қаламгер ретінде Қадырғали бабамыздың бет-бейнесі жан-жақты қырынан ашып көрсетілді. Ғалымдар Әлкей Марғұлан, Шоқан Уәлиханов, жазушы Мұхтар Мағауиннің тарихшы туралы терең зерттеулерінен келтірілген деректер фильм мазмұнын аша түсті. Конференцияны Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов кіріспе сөзімен ашып, өткізіліп отырған шараның мәні мен маңызына тоқталып өтті.…

0
0
2864

Қант диабетімен ауратын балалардың өмір сүруі 3,5 жасқа ұзарды

Помпалық терапия алатын қант диабетімен ауратын балалардың өмір сүруі 3,5 жасқа ұзарды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Диабет және балалар» тақырыбында өткен брифингте Астана қаласының штаттан тыс бас эндокринологы, инсулиндік помпалар бойынша ұлттық үйлестіруші Гүлмира Әбдуақасова хабарлады. «Бүгінгі таңда 1 типтегіқант диабетімен ауыратын 1 мен 18 жас аралығындағы 1103 бала мен жасөспірім инсулин помпаларымен қамтамасыз етілгенін айтты. Пациенттер мен олардың ата-аналарын тамақтануды есептеу дағдыларына, инсулиндік помпаларды пайдалануды үйрететін және оларды орнататын 23 помпалық мектеп жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, помпалық терапияны дұрыс қолдану мониторингі де жүргізіліп отырады. Помпалық инсулин терапиясын алатын барлық балаларға т…

0
0
531