СҚО полицейлері тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстарды жандандырды

Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау жөніндегі күн сайынғы рейдтер қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың бір түрі болып табылады. Бұл санаттағы адамдарды тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар деп атау әдетке айналған. Мұндай халге өмірдегі түрлі жағдайлар себепші болып келеді. Өмірлері әр басқа адамдар кейін уақыт өткен сайын осындай күй кешуі де мүмкін. Полицейлер оларды жылу трассаларынан, құдықтардан, үйлердің жертөлелері мен шатырларынан іздеп табады. Қабылдау мекемесінің қызметкерлерімен қаңғыбастарға қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Саусақ іздері алынып, олар фото-бейне есепке қойылады және олардың жеке басын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Барлық деректер қажетті ақпарат орналасқан және ұдайы жаңартылып тұратын автоматтандырылған мәліметтер базасына енгізіледі. Бұл базаны пайдалану облыс полицейлеріне 178 қылмыстың бетін ашуға, іздестіруде жүрген 7 адамды, олардың ішінде 4 хабар-ошарсыз кеткен және 3 қылмыскерді анықтауға септігін тигізген.

Петропавл қ. ІІБ қабылдап-тарату орнының бастығы Әділ Қайредденовтің айтуынша, жыл басынан қабылдау-тарату бөліміне барлығы 5064 адам жеткізілген. Сот шешімімен олардың 167-сі қамауға алынды. Аты-жөндері көрсетілген тізімге және дактилоскопиялық есепке қою арқылы бұрын сотталған 23 адам, басқа мәліметтермен тіркелген 37 адам анықталды.

Осындай алдын алу іс-шаралары криминогендік жағдайдың тұрақталуына, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының жақсаруын қамтамасыз етуге бағытталған. Тұрғындардың тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтардың өмір сүріп жатқан орындары жайында қандай да бір ақпараттары болған жағдайда қабылдап-тарату орнының кезекші бөліміне 52-92-99 телефоны арқылы хабарласа алады.
СҚО ІІД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
