Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Басшы басып айтқан мәселелер

Әкімдердің есеп беруі Отырар ауданында жалғасты. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов аудан тарапына берілген тапсырмалардың орындалуын талдап-таразылады.

Сала жетекшілерінен жауап алынды. Отырар - ауыл шаруашылығына бейімделген аудан. Жер мәселесі осы себептен де өзекті. Өңір басшысы ауыл шаруашылығындағы жерлер кімге берілген, ол неліктен игерілмей отыр деген сұрақтарды төтесінен қойды. Бірыңғай дерекқор қалыптастыруды жүктеді. Құрылыс саласы бойынша нысанаға мердігерлердің мәселесі алынды. «Олардың жауапкершілігін арттырып, бірізділікке түсіреміз», - деді өңір басшысы. Бүгінде ауыл әкімдерінің құзіреті кеңейтіліп, олардың дербес бюджет қалыптастырып, айыппұл салу мүмкіндігі бар. Осыны тиімді пайдаланған жөн. Қолданысқа берілген нысаннан кепілдік мерзімі ішінде ақаулар анықталса, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары дер кезінде хабарламағаны үшін жұмыстан босатылады. Басшының басып айтқаны осы. Аудан жылыжай салудан тым кейін қалып қойған. Алыс жайылымдарды игеру үшін құдық қазу ісінде де кемшіліктер көп. 4 млн. теңге бақылаудың жоқтығынан тиімді жұмсалмауы мүмкін. Осыған көңіл бөлу қажет. Келешекте ауданда 400 мал бордақылау алаңы ашылады. Оның маңызы жұмыс тиімділігімен, жаңа жұмыс орындарының ашылуымен, -деді Асқар Исабекұлы. Кеңейтілген мәжілісте аудан орталықтары мен тарихи орындарды абаттандыру мен көріктендіру мәселесі де қарашықтан қағыс қалған жоқ. Аудан әкімі жанынан сәулеттік кеңес құру жүктелді. Жаңа жұмыс орындарын көбейту күн тәртібінен түспейтіні қадап айтылды.

 

0
0
245

Осы тақырып бойынша

Басшы басып айтқан мәселелер - Yvision.kz