Мазмұнға өту

Жаңа

Күйші Сержан Шәкіраттың шығармашылық кеші

«Күй құтпаны» атты концертті бүгін 16:20-да тамашалай аласыздар.

Сержан Шәкірат– елдегі үздік домбырашылардың бірі, ел арасынан шыққан тума талант, «төкпе күй» өкілі. Ол домбыра тартудың халықтық ежелгі үлгісін бойына дарытқан. Күйші атақты Алым Жаңбыршин, Шамғұл Ыбраимов, Мұрат Өскінбаев сынды домбырашылардың шәкірті. Маңғыстаудың күй орындау шеберлігін шыңдап, оны бүкіл елге және шет жерлерге таратқан майталман. Ол Маңғыстаудың  ескілікті халық күйлерімен қатар атақты халық сазгерлері Абыл, Есір, Есбай, Өскінбай, Құлшар, Қартбай, Мұрат, Алым шығармаларын орындауда өзіндік ерекшелігі бар күйші.

Өзіндік қолтаңбасы, нақышы бар өнерпаздың шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:20-да көріңіз.

0
0
1168

«Адал достық» драмасын көріңіз

Фильмде басты рөлдерді Ю Хо Чжон, Шим Ын Кён, Чин Хи Гён сомдайды.

На Ми тұрмыстағы әйел. Сүйкімді қызы бар. Олар бақытты өмір кешуде, бірақ, сонда да бір нәрсеге алаңдап тұрады. Бір күні ауруханада жиырма бес жыл бойы көрмеген сыныптасын кезіктіреді. Қатерлі ісік ауруына шалдыққан, небәрі бірнеше апта өмірі қалған құрбысы мектепте бірге оқыған  құрбы-құрдастарымен кездестіруін өтінеді.

Режиссер  Хён-Чхоль Канның «Адал достық» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
1960

«Қайрат» УЕФА-ның клубтық рейтингісінде 27 орынға көтерілді

Еуропа Лигасы аясындағы ойында армениялық «Алашкертке» 1:2 есебімен ұтылған алматылық «Қайрат» УЕФА-ның клубтық рейтингісінде бірнеше орынға көтерілді.

3.650 ұпай жинаған Владимир Вайсс шәкірттері 330-шы орыннан 307-ші сатыға көтерілді. «Алашкерт» 1.325 ұпай жинап 432-ші орында.

Енді Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде «Қайрат» клубтық рейтингте 250-ші орында (5.160 ұпай) тұрған шотландиялық «Абердин» клубымен кездеседі.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Абердин» арасындағы матчты «KAZsport» телеарнасы 30 шілде күні сағат 20:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
243

Абай ауданында кезекті рет ауылшаруашылық техникаларының аймақаралық фестивалі өтті

Әлемдік ірі компаниялар мен шаруа қожалықтарының басын қосқан шара аясында тараптар өзара тәжірибе алмасты. Көкөністер мен астықты өсіріп-баптаудың соңғы технологиярымен де бөлісті «Дала күні» шарасын жыл сайын өткізу дәстүрге айналғалы қашан. Ауыл еңбеккерлерінің еңбегі еселенетін ерекше күн биыл осымен оныншы мәрте жалауын көтерді. Осы уақыт аралығында аймақаралық фестивальге екі мыңнан астам адам қатысқан. Биыл көрсетілетін техникалардың қатары да көбейіпті. Қырықтан астам заманауи трактор мен комбайн жиналғандарды тәнті етті. Олардың 70 пайыздан астамы – отандық өнімдер. Дала еңбеккерлері жер ананың несібесін пайдалану жолдарымен, берекелі өнім алудың заманауи әдістерімен өзара бөлісті. Шаруалар тарапынан егіншілік ісі мен тамшылатып суарудың тетіктеріне деген қызығушылық басым болды.…

0
0
321

Журналистер арасында «Аңсар» республикалық байқауы жарияланды

Конкурс келесі аталымдар бойынша өткізіледі: «2015 жылдың үздік жас прозашысы», «2015 жылдың үздік жас ақыны», «2015 жылдың үздік жас тележурналисі». «Инновациялық даму» ҚБ журналистер клубының қамқорлыққа алумен ҚР Білім және ғылым министірлігінің қолдауымен жас жазушылар, журналистика факультетінің студенттері және қазіргі таңда жұмыс атқарып жүрген журналистер арасында «Аңсар» атты республикалық әдеби байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты - қазіргі қазақ әдебиетін, отандық журналистика және басылымдарды дәріптеу, жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және қолдау. Байқауға журналистикаға, поэзияға қызығушылығы бар, прозалық шығармалар жазатын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Конкурс келесі аталымдар бойынша өткізіледі: «2015 жылдың үздік жас прозашысы», «2015 жылд…

0
0
389

Атырау облысында екі мектеп оқушысы Сұрхан өзенінен жүзіп өтпек болған әйелді құтқарып қалды

Олардың біреуі - Еңбекші орта мектебінің 6-сынып оқушысы Ермахан Мадиров, екіншісі - Ганюшкино елді мекеніндегі орта мектептің 7-сынып оқушысы Бейбарыс Қайроллаұлы. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылында екі мектеп оқушысы Сұрхан өзенінен жүзіп өтпек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды azh.kz. Әйел жол қысқартпақшы болып, судан жүзіп өтпек болған. Алайда, өзеннің ортасына келгенде әрі қарай жүзуге әлі жетпей, батып бара жатқанын сезген соң, айналасындағыларды көмекке шақырады. Оның айқайын суға шомылып жүрген екі бала естіп, көмекке жүгірген. Олардың біреуі - жергілікті Еңбекші орта мектебінің 6-сынып оқушысы Ермахан Мадиров, екіншісі - Ганюшкино елді мекеніндегі М.Әуезов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Бейбарыс Қайроллаұлы. «Балалар ерлік жасады. Олар өз өмір…

0
0
720

Бүгін Ресейдің Қазан қаласында су спорты түрлерінен XVI Әлем чемпионаты басталды

Бәсекеге 181 елдің спортшылары қатыспақ.

Бұл сынға Қазақстандық спортшылар да қатысады. Әлем біріншілігінде чемпион атанған спортшылар тікелей 2016 жылғы Рио Олимпиадасына қатысуға жолдама алады. Әлем чемпионатында жалпы саны 75 медаль сарапқа салынбақ. Чемпионат 9 тамызға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, су спортынан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

0
0
194

«Ұлы дала дүбірі». Сақ тайпалары

Бүгін 17:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды. Яғни, сақтар тиграхаудтар (шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар (хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Ал, тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құд…

0
0
1074

«Абай сынаған бір мінез»

Бүгін «Айтуға оңайда» мақтаншақтық мінез туралы әңгімеленбек.

Әр халықтың өзіне ғана тән ұлттық мінез-құлқы болады. Сол халықтың өкілдеріне сол бір мінездердің бірі артық, бірі кем бітеді. Ғасыр басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сезімі жетілмеген қазақ қауымы»,  деген еді. «Итің ұры» десе намыстанатын қазақтың бүгінгі ұлттық мінез-құлқы қандай? Сол мінездердің ішінде көркемі қайсы, кер-кесел мінезі қайсы? Мақтангершілік мінез бізге қалай бітті? Мұның себебі неде, салдары қандай?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабары осы тақырып төңігерінде әңгіме өрбітпек.

0
0
713

«Сұлтан Бейбарыс» тарихи фильмін көріңіз

Нұрмұхан Жантөрин, Дәулет Бейсенов, Болот Бейшенәлиев, Кеңес Қожабеков кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін 00:35-те көре аласыздар.

XIII ғасыр. Жерорта теңізіндегі ең үлкен флоттың егесі, Мысыр елінің билеушісі, теңдесі жоқ Бейбарыс сұлтан патша тағына дейінгі өмір жолын есіне түсіреді. Билік атаулының бейшаралығын, ең жақын деген адамдарының ішінде де сатқындыққа бейім тұратын адамдардың болатынын ол атақ-даңққа ие болған кезде бір-ақ көз жеткізеді. Шығыс аңызына сенсек, осы кезде Бейбарыс сұлтан патша тағын тастап, бір заманда жаулаушыларға өзі қолды болған қыпшақ даласына бет түзейді...

Режиссер Болат Мансуровтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи фильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 00:35-те тамашалаңыз.

0
0
1204