100 нақты қадам
2015 жылғы 24 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразәлінің қатысуымен Қызылорда қалалық әкімдігінде «Ұлт жоспары 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты институционалдық бес реформасын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.Семинарда Ұлт жоспарының 15 қадамы аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша нақты түсінік берілді. Атап айтқанда: Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу;2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы төлеудің факторлық-баллдық шкаласына көшу;Мемлекеттік қызметшілердің нәтижеліліктерін тұрақты бағалап, бонустар төлеп отыруды енгізу;Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту;«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң әзірлеу және мемқызметшілерге аттестаттау жүргізу.
