Мазмұнға өту

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларында семинар өтті

Ағымдағы жылғы 4 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларында семинар өткізді.

Қызметкерлер жиынға қатысушыларды бірінші институционалды реформаны іске асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша концептуалды ұсыныстармен таныстырып, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті

0
0
268

Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасында семинар өтті


Ағымдағы жылғы 4 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасында семинар өткізді.
Қызметкерлер жиынға қатысушыларды бірінші институционалды реформаны іске асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша концептуалды ұсыныстармен таныстырып, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.

0
0
298

Ақтау әкімі Серікбай Тұрымовтың ақиқаты

Серікбай Тұрымовпен мен алғаш рет 2012 жылы Жаңаөзен қаласының әкімі қызметінде жүргенде таныстым. Ол тамыз айы болатын. Әкім үшін оңай күндердің болмағаны бет жүзінен бірден байқалды. Биылғы жылдың 10 шілдеден бастап Ақтау қаласының әкімі қызметіне кірісті. Ал енді үш жыл бұрын сұхбатында айтылған мақсат мәселелердің бүгінгі жайы мен алдағы жоспарлар жөнінде осы кездесу барысында білуге мүмкіндік алдым. Бірі білсе, бірі білмес, сіз Жаңаөзен қаласында үш жыл әкім қызметін атқардыңыз. Сол жерде жинаған тәжірибеңізбен сіз бүгінгі қызметте жүрсіз. Жаңаөзен оқиғасынан кейін қаладағы әлеуметтік жағдайдың төмендегені баршамызға мәлім. Туындаған мәселелерді шешу мақсатында қандай жұмыстар қолға алынды? Өздеріңіз білетіндей, Жаңаөзен қаласында болған жағдайдан кейін біршама қиын мәселелер туындад…

4
0
1230

Орал қаласының Круглоозерный кентіндегі көшпелі кездесу

2015 жылдың 4 тамызында Департамент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бірінші реформасының міндеттері, бағыттары мен қызметтерін түсіндіру мақсатында Орал қаласының Круглоозерный кентінде жұмысшы тобының іс-сапарын ұйымдастырды. Жұмысшы тобы кездесуді азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан бастап, қабылдауды Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш жүргізді. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызметке кіру мәселелерін көтерді. Кездесу барысында қатысушыларға «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын кәсіби, автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөніндегі тезистер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары түсіндірілді. Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорл…

0
0
434

ҚР-да 229,4 млрд теңгенің 32 361 нысаны мен құнды қағазы жария етілді – Қаржы министрлігі

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 406,2 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 43 040 өтініш түсті, деп хабарлады Қаржы министрлігі. Сомасы 293,6 млрд. теңгеге 35 738 тұрғын үй объекті, сомасы 107,7 млрд. теңгеге 18 474 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 74,7 млрд.теңгеге 4 578 коммерциялық нысан, сомасы 0,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 15 қатысу үлесі, сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. Сомасы 229,4 млрд. теңгеге 32 361 объект жария етілді. Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,5 млн тенге құрайтын 18 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті. Сомасы 632,1 млн. тг құрайтын 14 тұрғын үй нысаны,…

0
0
222

Француз велосипедшісі ЭКСПО-ның 3 астанасын аралады

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ атсалысуымен Қазақстандағы Франция елшілігі Alstom компаниясымен бірлесе отырып, «SunTrip – From Expo to Expo» имидждік веложарысының қатысушысы Паулинде ла Марньемен салтанатты кездесу рәсімін ұйымдастырды, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі. Француз велосипедшісі ЭКСПО-ның үш астанасы - Милан (2015), Анталья (2016) және Астанаға (2017) саяхат жасады. Паулин 9 мың шақырымдық жолды жүріп өтіп, Бәйтерек монументі жанындағы алаңға велосипедімен жетті. Салтанатты кездесу Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьеннің сәлемдесу сөзінен басталды. Бұл саяхаттың мақсаты Еуропа мен Қазақстан арасындағы жақындықты көрсету. Сонымен қатар, Паулиннің велосипеді күн энергиясы көмегімен қозғалатындықтан, веложарыс «таза» энергия идеясын…

0
0
712

Жастар ауылы жемқорлыққа қарсы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Жастар ауылы - 2015» жазғы жастар лагерінде «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.«Жастар ауылы – 2015» лагері өз ойларын ортаға салып, тың бастамалар мен ұсыныстарды бірге талқылау үшін облыстың түкпір-түкпірінен ойы ұшқыр деген 150 белсенді жастың басын қосқан алаңға айналды.Аталған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.Тренингтің бірінші бөлігінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасына, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық туралы негізгі ұғымдар, оның адам өміріне тигізетін салдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мақсаты мен міндеті жайында…

0
0
494

Ақтөбе облысы Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындалуда

Ақтөбе облысы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге дайындық үстінде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың айтуынша, Астанада 12-13 қыркүйек аралығында «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Ақтөбе облысының өкілдері мерекеге арналған концерттік бағдарлама мен халықтың қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесіне қатысып, өз туындыларын ұсынады. Облыстардың апталығы аясында Ақтөбе облысының делегациясы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып, Таразда 8-9 қазан аралығында өтетін мерейтойлық іс-шараларға қатысады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысына тапсырылған Тараз қаласындағы жол желісін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ақтөбе өңірінде мерекелік іс-шаралар 1-3 қазан…

0
0
379

Қызылорда облысында балық экспорты дамуда

«СПК Қызылорда балық» ЖШС балық өңдеу цехы 2011 жылдың шілде айынан бастап жұмыс жасап келеді. Компанияның негізгі жұмыс бағыты – халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жоғары сұрыпты балық өнімін өңдеу, деп хабарлады облыс әкімдігі. «Дайын өнім қоймадағы тоңазытқышта сақталады. Өзіміз аулаймыз, өзіміз өңдейміз, өзіміз сатамыз. Барлығы бақылауда. Сапалы көксерке еті беті тегіс және ақ түсті болуы қажет. Тартымсыз келбет, қабыршақ қалдығы мен мұздың қалың болуы алдыңызда сапасыз өнім тұрғанын айқындайды. Бүгінгі таңда біз дайын өнімді Ресей Федерациясына, Дания мен Германияға экспорттаймыз, - деп түсіндірді компания директоры Аманбай Ерхатов. «СПК Қызылорда балық» ЖШС компания өз қызметін бастаған күннен бастап тауардың және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруды бірден қолға алды. Осы б…

0
0
866

Сот жүйесі инстанцияларының сатыларын жаңғырту Жоғарғы соттың мағынасы мен рөлін арттырады

Сот жүйесі инстанцияларының сатыларын жаңғырту Жоғарғы соттың жоғарғы кассациялық инстанция ретінде мағынасы мен рөлін арттырады. ОКҚ-да өткен брифингте «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» үкіметтік емес ұйымының өкілі Ермек Абрасулов хабарлады. «Сот жүйесі инстанцияларының сатыларын жаңғырту Жоғарғы соттың жоғарғы кассациялық инстанция ретінде мағынасы мен ролін арттырады. Сонымен қатар, Конституция мен конституциялық заңнаманың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді», - деді спикер. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы жариялаған «Ұлт жоспары 100 қадам» бағдарламасында сот жүйесі сатыларын жаңғырту қажеттілігі туралы атап өткен болатын. Ол әділет жүйесін бес кезеңнен 3 кезеңді жүйеге көшуін қарастырады. Құқық қорғаушының пікірінше, заң үстемдігін қамтамасыз ету, адамдардың фундаменталды құқықтары…

0
0
641