Сот жүйесі инстанцияларының сатыларын жаңғырту Жоғарғы соттың мағынасы мен рөлін арттырады
Сот жүйесі инстанцияларының сатыларын жаңғырту Жоғарғы соттың жоғарғы кассациялық инстанция ретінде мағынасы мен рөлін арттырады. ОКҚ-да өткен брифингте «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» үкіметтік емес ұйымының өкілі Ермек Абрасулов хабарлады.
«Сот жүйесі инстанцияларының сатыларын жаңғырту Жоғарғы соттың жоғарғы кассациялық инстанция ретінде мағынасы мен ролін арттырады. Сонымен қатар, Конституция мен конституциялық заңнаманың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді», - деді спикер.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы жариялаған «Ұлт жоспары 100 қадам» бағдарламасында сот жүйесі сатыларын жаңғырту қажеттілігі туралы атап өткен болатын. Ол әділет жүйесін бес кезеңнен 3 кезеңді жүйеге көшуін қарастырады.
Құқық қорғаушының пікірінше, заң үстемдігін қамтамасыз ету, адамдардың фундаменталды құқықтары мен бостандықтарын қорғап, жемқорлықты түп-тамырымен жойып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің салтанат құруына, мемлекет билігін шектеп, таза, мінсіз сот әділдігін қамтамасыз ете алады.
«Біздің заңдарымыздың талаптары Конституция талаптарына сәйкес болуы өте маңызды. Бұл ретте бізде жақсы тетіктер де бар. Конституцияны құқықтық қорғаудың субъектісі ретінде Конституциялық кеңес пен сот және өзге де органдар бар. Бар мәселе Конституция талаптарына сай келе бермейтін құқықтық актілердің көп болуына байланысты болуы мүмкін. Біз өзіміздің ведомстволарымызды білеміз, комитет өкілдері өте көп құқықтық актілер шығарады. Мұндай құжаттарға қарсылық білдірілген кездерде болды»,-деді Е.Абрасулов.
«Еуропалық құқық қорғау орталығы» өкілінің сөзінше, заңнамалық реттеулерді түбірімен жою қажет деген пікірлер де айтылып жатыр.
«Меніңше, амал жоқ жағдайда қолдануға болатын шешім шығар, өйткені заңның қалтарыс-бұлтарыстарына дейін реттемейінше, қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда, біздің бүгінгі мақсатымыз заң талаптарына қайшы келетін немесе заңды бұрмалауға жол беретін заңнамалық актілердің күшіне енуіне жол бермеу»,-деп түсіндірді ол.
Заң үстемдігінің доктринасы сот жүйесін жаңа деңгейге көтеруге қауқарлы.
«Мемлекет басшысының сот деңгейлерін 5-тен 3-ке дейін қысқарту жөніндегі ұсынысы дұрыс. Бұл заңның бірыңғайлылығын қаматамсыз етуге бағытталған өте ұтымды шешім. Ендігі мәселе заңдардың біркелкі пайдаланылуында болып отыр. Ол үшін сот тәжірибесі мен сот актілерінің мониторингіленуі, жалпыландырылуы маңызды»,-деп қорытты ол.
