Жаңа
Қазақстанның ТҮКШ саласы энергия үнемдеуді қажет етеді – ҚР ИДМ
Қазақстанның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы елдің ең ысырапшыл энергия секторларының бірі болып табылады, деді Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау баспасөз мәслихатында. Баршаға мәлім, бүгінде Қазақстандағы негізгі энергия тұтыну үлесі немесе 50 пайызы индустриялды кешенге, 30 пайызы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына және 20 пайыз көлік саласына тиесілі. Осыған байланысты, вице-министр әркім өз саласына жауап беру қажеттігін және әр сала өзінде энергия тұтынуды азайтуы қажеттігін ескертті. «Индустриялар және даму министрлігі үшін – бұл өнеркәсіп, әр облыстың өзінің энергия үнемдеу жоспары болуы қажет, сондықтан да әкімдер өздерінің бюджеттік мекемелері мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық салалары үшін жауап берулері керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық с…
Наурызбай ауданындағы қалпына келтіру жұмыстары белгіленген кестеге сай жүріп жатыр – Алматы әкімі
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алатау және Наурызбай аудандарын аралап, қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Атай кететін мәселе, аудандарды аралау барысында қала басшысы су қоршауының фильтрлеу стансасы мен насо стансасы мен бөгенді көрді. Сонымен қатар, үйлері селден зардап шеккен тұрғындардың пікіплері тыңдалды. Жергілікті тұрғындар қала әкіміне төтенше жағдайдың салдарын жоюда жедел әрі жинақы әрекеті үшін алғыстарын білдірді. «Қайта қалпына келтіру жұмыстары белгіленген мерзімге сай жүріп жатыр. Қарғалы өзенінің жағасындағы су басқан аймақтар тазаланды. Барлық үйлер электр энергиясымен, газбен және байланыспен қамтамасыз етілген. Сумен қамтамасыз ету жүйесі қысқа мерзімде қалпына келтіріледі»,-деді әкім. Бүгін Наурызбай ауданын…
Қызылорда облысында жаңа оқу жылында 16 500 бала мектеп табалдырығын аттайды
Қызылорда облысы бойынша жаңа оқу жылында 16 500-ден аса бала алғашқы рет мектеп табалдырығын аттап өтпек, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 10 564 бала толық емес отбасында, қолайсыз отбасыларды 472, көпбалалы отбасында 20 802, тұрмысы төмен отбасыларда 15 065 мектеп жасындағы балалар тәрбиеленуде. Облыста 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған «Мектепке жол» республикалық акциясы ағымдағы жылы «Балаға мейірім сыйла» ұранымен өтпек. Б.Сайлыбаевтың айтуынша, ең әуелі «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалады. Сондай-ақ облыстық ішкі істер департаментімен біріге отырып «қауіпті топ» балаларын анықтау мақсатында рейдтік шаралар қолға алынды. «Былтыр аталмыш акция барысында облыс аумағында…
2015 жылы 32 мың білім беру гранты берілді — ҚР БҒМ
Астанада Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия жұмысына кірісті. Биылғы жылы мемлекет тарапынан 32 мың 168 грант бөлінді, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. «Бүгін біз Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның мәжілісін өткіземіз. Биылғы жылы жоғары оқу орындарында білім алулары үшін мемлекет тарапынан 32 мың грант бөлінді. Баршаға мәлім, биылғы жылы ҰБТ нәтижелері жоғары болды, оның нәтижесінде білім беру гранттарын тапсыру байқауына 67 мың жас қатысуда»,-деді А.Сәрінжіпов. Білім беру гранттарын алуға байқау негізінде анықталған 60 жоғары оқу орны лайықты деп танылды. «32 мың гранттың үштен бірі немесе 12 мың 500-і техникалық мамандықтарға беріледі, 6 мыңы педагогикалық, 2 мың 500-і ауыл шаруашылығы саласының м…
Павлодар қаласы мен облыстарының жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен бухгалтерлері үшін методикалық күн
Павлодар қаласы мен облыстарының жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен бухгалтерлері үшін методикалық күн «Радуга взаимного сотрудничества» жобасы шеңберінде Жастар бастамаларын дамыту орталығы Павлодар қаласы мен облыстары жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері мен бухгалтерлері үшін методикалық күн өткізді. Жиын басын Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры Садыкова Айгүл Аблайханқызы «ЖРО қызметінің басты бағыттары, нысан және жұмыс әдісі» тақырыбымен ашты. Содан кейін Павлодар облысының «Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-нің басты бухгалтері Р.Т. Капаева және методикалық жұмыс бойынша директор орынбасары С.Ж. Тұрарқызы «Орталықтар жұмысын жоспарлау. Есептілік нысандары» тақырыбы жа…
Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды
Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды. Кастингке 30-45 жас аралығындағы келбетті, жүзі жылы, танымы кең, тікелей эфирде өзін ұстай алатын, дикциясы мен сөйлеу мәнері қалыптасқан қыз-келіншектер қатыса алады. Жоба күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Кез-келген тығырықтан шыға алатын, тосын жағдайларда шығармашылық пен ерекше тапқырлыққа баруға батылы жететін жандар бағын сынап көрсе болады.
Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.
«Алаң» ток-шоуының тележүргізушісіне кастинг жарияланды
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Алаң» саяси-қоғамдық ток-шоуына тележүргізушісі керек.

Қойылатын талаптар:
жоғары білімді;
саясаттанушы мамандығы болғаны;
жасы 30-50 аралығында;
саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді сараптап, сценарий жазуға қабілетті болуы тиіс.
Резюмені мына электронды поштаға жолдау керек: [email protected]
Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717) 2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.
Бүгін – «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы басталады
Фильмді Ұлттық арнадан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:40-та көре аласыздар. Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрерменге жол тартады. Телехикая сюжеті бойынша, қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді. Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге аттанады. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі. Жат қалада ақшасыз, үйсіз қалған қыздың ендігі үміті – әуежол қызметіне ықпалы бар Ричард атты бай. Ол қыздың көңілін қайтармай көмектесетінін, бірақ, бала күтуші болып жұмыс істеуіне тура келетінін айтады. Әйелі қайтыс болған соң үш баласымен қалған Ричардтың үйі құлазып қалғандай еді. Мейірімді қыздың…
Бүгін «KAZsport» Чемпиондар Лигасы аясындағы «Астана» — «ХИК» матчын тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін елордалық «Астана» футбол командасы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Финляндияның «ХИК» клубын қабылдайды.

Хельсинкиде өткен алғашқы ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.
Еске сала кетейік, «Астана» мен «ХИК» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасы бүгін сағат 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.