ҚР-да 229,4 млрд теңгенің 32 361 нысаны мен құнды қағазы жария етілді – Қаржы министрлігі
Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 406,2 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 43 040 өтініш түсті, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Сомасы 293,6 млрд. теңгеге 35 738 тұрғын үй объекті, сомасы 107,7 млрд. теңгеге 18 474 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 74,7 млрд.теңгеге 4 578 коммерциялық нысан, сомасы 0,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 15 қатысу үлесі, сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.
Сомасы 229,4 млрд. теңгеге 32 361 объект жария етілді.
Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,5 млн тенге құрайтын 18 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті.
Сомасы 632,1 млн. тг құрайтын 14 тұрғын үй нысаны, сомасы 1,5 млн. тг құрайтын тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын коммерциялық обьекті.
Сомасы 3,0 млн. тг құрайтын, 2 заңды тұлғалардың қатысу үлесі, 670 тг сомасында бағалы қағаздар;
Сомасы 636,5 млн. теңгеге 17 объект және бағалы қағаздар жария етілді.
ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 31.08.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 73,8 млрд.теңге ақшаны жария етуге 151 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 29,1 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 37,5 млрд. теңге.
31.07.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110 коды бойынша бюджетке іс жүзінде 2,9 млрд.теңге түсті.
2014-2015 жылдарды қамтитын жекешелендірудің кешенді бағдарламасы бойынша 493 нысан сатуға және нысанды кейін сатып алу үшін сенімді басқаруға беруге жоспарланған.
«2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың шілдесі аралығында 382 нысан жекешелендіруге жататын болған. 2015 жылдың 31 шілдесіне дейін іс жүзінде 351 нысан сатуға шығарылып, олардың 190-ы сатылған, 1-уі кейін сатып алу үшін сенімді басқаруға берілген. Олардың арасында республикалық меншіктен 10 нысан, коммуналдық меншіктен 84 нысан, ӘКК-нан 56 нысан, холдингтердің меншігінен 42 нысан сатылды»,-делінген хабарламада.
Бұл ретте, сатудан түскен жалпы қаржының көлемі: республикалық меншік бойынша 2 730 млн теңгені, коммуналдық меншік бойынша 1 277 млн теңгені, Холдингтер бойынша 60 835 млн және ӘКК бойынша 2 917 млн теңгені құрады.
