Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар ауылы жемқорлыққа қарсы


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Жастар ауылы - 2015» жазғы жастар лагерінде «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.
«Жастар ауылы – 2015» лагері өз ойларын ортаға салып, тың бастамалар мен ұсыныстарды бірге талқылау үшін облыстың түкпір-түкпірінен ойы ұшқыр деген 150 белсенді жастың басын қосқан алаңға айналды.
Аталған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Тренингтің бірінші бөлігінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасына, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық туралы негізгі ұғымдар, оның адам өміріне тигізетін салдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мақсаты мен міндеті жайында түсініктемелер берілді.


Кездесудің екінші бөлігінде, жеке топ мүшелерінің жемқор болуы кезіндегі қоғамның осал тұстарын көрсететін көрнекі тренинг өткізілді. Осылайша лагерде демалушылар сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін барынша сезіне алды.

0
0
490

Осы тақырып бойынша

Жастар ауылы жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz