Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбе облысы Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындалуда

Ақтөбе облысы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге дайындық үстінде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың айтуынша, Астанада 12-13 қыркүйек аралығында «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Ақтөбе облысының өкілдері мерекеге арналған концерттік бағдарлама мен халықтың қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесіне қатысып, өз туындыларын ұсынады.

Облыстардың апталығы аясында Ақтөбе облысының делегациясы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып, Таразда 8-9 қазан аралығында өтетін мерейтойлық іс-шараларға қатысады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысына тапсырылған Тараз қаласындағы жол желісін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ақтөбе өңірінде мерекелік іс-шаралар 1-3 қазанға жоспарланған. Мерекелік шаралардың арасында «Қазақ хандығының дамуы: оқиғалар, тұлғалар» атты халықаралық ғылыми конференция, профессор С.Әжіғалидың «Хан моласы: ақиқатқа апарар ұзақ жол» атты кітап-альбомының таныстырылымы, «ITFA-2015. Туризм. Саяхат. Спорт» XII өңірлік туризм көрмесі, «Шеберлер ауылы» шарасы мен Тілеубатыр Айтұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсімі бар.

2-қазанда Әйтеке би ауданында Әбілқайыр ханның мемориалдық кешені мен этноауылдың, Толыбай ауылындағы Әбілқайыр ханның музейінің ашылу рәсімі болады. Сонымен қатар, мәдени іс-шаралар мен ұлттық спорт ойындары, қолданбалы өнердің республикалық көрме-жәрмеңкесі мен өзге де көптеген шаралар өтеді.

«Мемлекет басшысы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы айтқанда, тарих пен ұлттық құндылықтардың қазақстандық қоғам мен әсіресе жастар үшін маңыздылығына ерекше мән берген болатын. Сондықтан, барлық жоспарланған шараларды жоғары деңгейде өткізу қажет»,-деді аймақ  басшысы Архимед Мұхамбетов.

Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген тағы бір шара Ақмола облысының жеңіл атлетшілері Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 550 шақырым марафонды жүгіріп өтпекші. 10 күнге созылатын марафонды Балғабай Күлпейісов пен Қалибек Әбілов Бурабайдағы Абылай хан алаңынан бастады. Спортшылар 250 шақырымды жүгіріп өтіп, Астанаға келді.

«Біздің мақсатымыз салауатты өмір салтын насихаттау. Біз жастардың бізге назар аударғанын қалаймыз. Сонымен қатар, біз бұл марафонмен ҚР-ның «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына және Елбасымыздың көреген саясатына қолдау көрсетіп отырмыз. Жастар бізге қарап үлгі алса деген ниеттеміз», - деп ағынан жарылды марафонға қатысушы Қалибек Әбілов.

Марафон 10 тамызда аяқталады. Ол қазақ хандарын мойындаған Ұлытау тауында өз мәресіне жетеді.

Айта кетерлік жайт, бұл бастамаға «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсетті.

Ақпарат көзі

 

0
0
370

Осы тақырып бойынша

Ақтөбе облысы Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындалуда - Yvision.kz