Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орал қаласының Круглоозерный кентіндегі көшпелі кездесу

 

2015 жылдың 4 тамызында Департамент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бірінші реформасының міндеттері, бағыттары мен қызметтерін түсіндіру мақсатында Орал қаласының Круглоозерный кентінде жұмысшы тобының іс-сапарын ұйымдастырды.

Жұмысшы тобы кездесуді  азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан бастап, қабылдауды Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш жүргізді. Қабылдауда болған азаматтар мемлекеттік қызметке кіру мәселелерін көтерді.

Кездесу барысында қатысушыларға «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын кәсіби, автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөніндегі тезистер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жаднама мен буклеттер таратылып, сауалнама жүргізілді.

 

 

 
0
0
430

Осы тақырып бойынша

Орал қаласының Круглоозерный кентіндегі көшпелі кездесу - Yvision.kz