Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларында семинар өтті

Ағымдағы жылғы 4 тамызда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларында семинар өткізді.
Қызметкерлер жиынға қатысушыларды бірінші институционалды реформаны іске асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша концептуалды ұсыныстармен таныстырып, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті
