Халыққа медициналық қызмет көрсету саласының мамандары мемлекеттік қызметтегі реформалармен танысты

Ағымдағы жылғы 13 тамызда СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі медициналық қызмет төлемі және медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменттерінде семинар өткізді.
Жиынды ашқан, Департамент басшысының м.а. Л.Б. Гордеева департамент ұжымдары, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу және еңбек төлемінің жаңа жүйесіне байланысты мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерге үлкен қызығушылық танытқандарын атап өтті.
Бірінші институционалды реформаны түсіндіру барысында тестілеу бағдарламаларының мазмұны, жеке және азаматтық сектордың өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту, мемлекеттік орган ішіндегі орын ауыстыруларды тоқтату, зейнеткерлік жас алдындағы және зейнеткерлік жастағы мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау және мемлекеттік қызметті өткерудегі өзге де мәселелер жайлы сұрақтар туындады.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмекті ұсынатын, медициналық мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыратын, медициналық қызмет төлемі департаментінің және медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің ұжымдары барлық сауалдарына жауап алумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру төңірегінде мемлекет қабылдайтын шаралармен таныстырылды.
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басшысы А.Ш. Рүстемова өз кезегінде, департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызметі туралы халықты тұрақты түрде ақпараттандыру мақсатында арнайы сайт құрылғандығын жеткізді. Мұнда мекеме қызметінің жылдық есептері, мамандарға біліктілік санаттарын тағайындау бойынша сертификаттар, медициналық ұйымдарды тіркеу туралы куәліктер беру жөніндегі мемлекеттік қызметті ұсыну жайындағы ақпарат, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау туралы мағлұмат енгізіледі.
Кездесу соңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі, мемлекет тізгінін ұстаған, тәжірибелі және адал мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты екендігін тілге тиек етті.
