Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Мирас, Мұхаммедәли, Рүстем Жүгінісовтер — «Таңшолпанда»

Ағайынды өнерпаздардың сұхбатын Ұлттық арнадан көріңіз.


2015 жылдың қазан айында Сочи қаласында өтетін «Жаңа толқын» байқауында  орындайтын әннің тұсаукесері жасалды. Тамыздың 19-да Алматыда  жаңа әнге, сондай-ақ  «Футбол»  әніне бейнебаян түсіріледі. Таңғы бағдарламада қонақта болған ағайынды Жүгінісовтер осы және өзге де шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті. «Ертең Алматыға жол жүргелі отырмыз. Ондағы мақсат – «Тәуелсіз елім» атты әнімізге бейнебаян түсіру»,-дейді Рүстем Жүгінісов. «Жуырда жазылған «Футбол» әнінің авторы Ғалия Шаудырбаева.  Сөзі де сол кісінікі. Қазақ футболына арналған ән жоқ. Сол себепті, футболшыларымызды қолдау мақсатында осы әнді жаздырдық»,-дейді өнерпаздар. «Біз бір-бірімізге керек екенімізді әсіресе, сахнаға шыққанда түсінеміз. Сахнада жалғыздан гөрі, үшеуіміз қатар тұрғанда ғана көңілім толық»,-дейді ағайындылардың үлкені Рүстем Жүгінісов.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

0
0
622

Осы тақырып бойынша

Мирас, Мұхаммедәли, Рүстем Жүгінісовтер — «Таңшолпанда» - Yvision.kz