Ақ қайың ауданының этномәдени және діни бірлестіктері жемқорлық дертін талқылады

Ағымдағы жылғы 12 тамызда СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен, Ақ қайың ауданы әкімдігінің ұйымдастырушылық қолдауының арқасында Смирново к. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени және діни бірлестіктердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
СҚО Ақ қайың ауданы түрлі этнос және конфессияларының өкілдері 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, бес институционалды реформаны іске асыру аясындағы өзектілігін талқылап, кездесуге қатысушылардың арнайы әзірлеген баяндамаларын тыңдады.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің өкілі З.С. Байғаскина мемлекеттік қызмет, құқық қорғау және сот жүйелеріндегі мемлекеттің жемқорлыққа қарсы әрекеттері; жемқорлыққа қарсы заңнаманы және жемқорлық құқық бұзушылықтарға тағылатын жауапкершілікті күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мағлұмат берді.
Талдау және конфессияаралық қатынастарды дамыту орталығының басшысы С.В. Могунов, жемқорлық сипаттарына жер шарының барлық дін өкілдері бір ауыздан қарсы екендігін жеткізді. Ал діни бірлестіктері қызметінің негізгі мақсаты – жалпы адами құндылықтарды насихаттап, жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталғандығын жеткізді. Бұл орайда, қаржылық мәселелерге де аса назар аударылды. Жоғары буын өкілдері мен жастарда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мәдени салт-дәстүрлерге, дүниежүзілік көркем әдебиеттердің шығармаларына сүйенудің пайдасы зор екендігі атап өтілді.
Тақырыпты тарқатуға қатысқан аудандық мешіт имамы, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және ұйымдастырушылар, жиылған қауымның жемқорлыққа қатысты туындаған барлық сауалдарына жауап беруге тырысып бақты.
