Мазмұнға өту

Жаңа

А. Ахметов: Оқу құралымен қамтамасыз ету процесі министрліктің бақылауында

А. Ахметов: Оқу құралымен қамтамасыз ету процесі министрліктің бақылауында Оқу құралымен қамтамасыз ету процесі министрліктің бақылауында, деп хабарлады ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлтаир Ахметов. Министрлік оқу құралдарымен қамтамасыз ету процесіне мониторинг жүргізуде, нәтижесіне кейбір аймақтарда қаржыландыру толығымен жүзеге асырылмағаны анықталды. «Оқу құралымен қамтамасыз ету процесі министрліктің бақылауында, заңға сәйкес білім беру саласына ЖАБ жауапты. 10 тамызға дейін еліміздің мектептерін оқу құралдарымен қамтамасыз ету міндеті қойылған болатын, осы ретте ведомство кейбір аймақтарда бұл толығымен жүзеге асырылмағандықтан жауапты ЖАБ тұлғаларын жауапқа тарту мәселесі алға қойды», - деп түсіндірді ол. Оның айтуынша, ОҚО-дағы жағдай…

0
0
476

А. Сәрсенбаев: Конституцияны көбірек оқыған сайын тереңірек түсінесін

Конституцияны көбірек оқыған сайын оны тереңірек түсінесін, деп ағынан жарылды ҚР Жоғарғы сотының судясы Амангелді Сәрсенбаев «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында. «Конституция негізгі мемлекеттік билік, басты заң. Барлық қабылданған заңдар ҚР Конституциясына сай келуі керек. Олар оған қарсы шықпау керек. Контитуция бәрін біріктіретін негізін салушы заң болып табылады», – деді А. Сәрсенбаев. Судя атап өткендей, Конституцияда барлық негізгі органдар мен оларлың қызметі атап көрсетілген. «Конституция – бірегей зат, оны оқыған сайын тереңірек түсінесін. Түрлі салалар арқылы оған қарайтын болсаң, соғұрлым көбірек көре аласың», – деді А. Сәрсенбаев. «Конституция күні – негізін салушы, мемлекетті құрушы мерекенің бірі. Сондықтанда кітапханада арнайы зал ашылуда, оның мән-мағынасы…

0
0
523

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚОФ семинар-кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарының аясында 2015 жылдың 21 тамызында «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚОФ қызметкерлеріне лекция өткізді. Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасын қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер мен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы жөнінде түсінік берді. Шараның қорытындысы бойынша, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚОФ директоры Қ.Хамзин сыбайлас жемқорлық қылмысының деңгейінің төмендету мақсатында өзекті мәселелердің шешімін осындай ашық конструктивті диалогтар арқылы таба алатынымызды айтып өт…

0
0
505

«Даму» қоры шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ

«Даму» қоры теңге бағамын түзетуге байланысты шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ, деп мәлімдеді «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров ОКҚ-да. «Өздеріңіз білетіндей Үкімет еркін теңге бағамы туралы хабарлады. Аталмыш теңге бағамын түзету кәсіпкерлік ахуалға еш әсер етпейді, керісінше болашақта кәсіпкерлер жұмысының жандануы күтілуде. «Даму» қоры шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ. Біз өзіміздің көмек көлемімізді арттыратындығымызға сенімдіміз», - деп мәлімдеді Д.Әбілқайыров. Оның атап өтуінше, Даму қоры заемшыларын теңге бағамының еркін айналымға өтуі еш алаңдатпеу керек, себебі несие немесе субсидия тек теңгелей беріледі. «Оның үстіне вал…

0
0
275

Д. Әбілқайыров: Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы 27 млрд теңге қарастырылған

Пайыздық ставкаларды субсидиялауға арналған кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы бюджет 27 млрд. теңгені құрады, деп мәлімдеді «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров ОКҚ-да. «Айта кетерлік жайт, бүгінде пайыздық ставкаларды субсидиялауға арналған кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы бюджет 27 млрд. теңгені құрады және биылғы және алдағы жылға ешқандай қырқартулар қарастырылып отырған жоқ», - деп мәлімдеді ол. Д.Әбілқайыров атап өткендей, Бизнестің жол картасы бағдарламасы жұмыс істеуде және субсидиялау бойынша 5 536 заемші бір трлн. теңге көлемінде несие алды. «Кепілдендіруге қатысты айтар болсам, 1173 заемші 53,6 млрд. теңге сомасына несие алды», - деді Д.Әбілқайыров. Бұдан басқа, Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, 20…

0
0
438

«Тарих толқынында» хабары эфирге шығады

1423-1428 жылдары Ақ Орданы билеген  Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Ол Сығанақ қаласын салуды басқаруға қатысқан. Алтын Орданың күйреуі кезеңінде, төре тұқымдарының таққа тартысы кезінде, Ақ Орда бірқатар ұлыстарды иеленген болатын.

Тақ мұрагерлерінің бірі Барақ хан еді. Кейін баласы Жәнібек хан мен інісі Керей хан 1456 Ақ Ордада әкесінің әулетін жаңғыртты. Барақ хан қайтыс болған соң оның ұрпақтары таққа неге бірден отырмады?

Бүгін 20:05-те  «Тарих толқынында»  хабарынан көріңіз.

0
0
587

balapantv.kz сайтынан айына 200 мыңға жуық бүлдіршін өзіне қажеттісін табады

27 қыркүйек - еліміздегі тұңғыш «Балапан» балалар телеарнасының туған күні. Телеарна «Қазақстан»РТРК» АҚ құрамында 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ашылды. Сол уақыттан бері арнаның balapantv.kz сайты жұмыс істеп келеді. Еліміздің әр түкпіріндегі балалардың телеарнаны онлайн жүйесінде көру мүмкіндігі бар. Сайт оқырмандары күн санап өсуде. «Google Analytics» есептеуіші бойынша күнделікті оқырмандар саны 2 мыңға жуықтайды, ал, айына 200 мыңға жуық бүлдіршін өзіне қажеттісін табады. «Сен білесің бе?», «Ол қандай бала болған?», «Алтын сақа», «Балапаннан базарлық» айдарлары бойынша бүлдіршіндерге танымдық ақпараттар ұсынылса, «Қолөнер», «Дәмді» айдарлары балдырғандарды шеберлікке, аспаздыққа баулиды. «Балапанның қонағында» еліміздегі және халықаралық деңгейдегі білім, спорт, өнер сайыстарында топ ж…

0
0
791

«Әйел бақыты» жаңа маусымын бастайды

Бүгінге  дейін «Әйел бақыты» ток-шоуы көрерменге түрлі тақырыптағы өзекті мәселелердің шешімін табуға тырысып келді. Студияда түрлі тағдыр иесі жүрек түбіндегі сырымен бөлісіп, сарапшы-мамандардың кеңесін тыңдады.

Талай ел ағасы хабардың қадірлі қонағы болып, жұлдыздар да дәл осы студияда жаңалықтарымен бөлісті.

Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» жаңа маусымының тұсауын кеспек.  Сүйікті хабарынан көрермен қандай өзгеріс күтеді? Студияда жазда шаңырақ көтерген жастар. Жаңа маусымның шымылдығын жаңа отбасы ашады.

1
0
426

Алматы облысының Талғар ауданында 600 орынға есептелген жаңа мектеп ашылды

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысының әкімі А. Баталов пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің қатысуымен Талғар ауданы Бесағаш ауылында 600 орынды № 45 жаңа мектеп-гимназиясының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі. «Бүгін біз жаңа мектепті ашып отырмыз. Мектеп - жас буынның білімі мен тәрбиесіне негіз болатын киелі мекен. Сондықтан жаңа мектептен елжанды ұрпақ пен болашақ жоғары білікті мамандар өсіп шығады деп сенемін», - деді облыс басшысы А. Баталов құттықтау сөзінде. Өңір басшысының айтуынша, биыл Алматы облысында 19 жаңа мектеп салынуда. Оның 1-еуі осы Бесағаштағы мектеп болса, тағы 15-і 1 қыркүйек күні, ал 3-еуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Соның ішінде 10-ы үш ауысымды мектептер мәселесін шешу, ал 5-еуі авариялық мект…

0
0
700

Қызылордада жыл басынан бері көлікті мас күйінде басқарған 943 азамат жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен көлікті мас күйінде басқарған 875 адам әкімшілік жауапкершілікке (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы) және сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып мас күйінде көлік жүргізген 68 азамат қылмыстық жауапкершілікке (Қылмыстық кодексінің 346-бабы) тартылды. 68 қылмыстық істің 59-ы – сотқа жолданса, 9-ы – өндірісте. Мәселен, ағымдағы жылдың 12 тамызында сағат 23.00 шамасында «Мерседес-Бенц» маркалы автокөлігі Арал ауданы, орталық теміржол өткеліне жетпей, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, «УАЗ» маркалы автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. «Мерседес-Бенц» маркалы автокөлік жүргізушісі медициналық тексеріске жіберіліп, қорытындысы бойынша «орта дәрежелі» алкогольдік ішімдік ішкендігі аны…

0
0
372