Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарының аясында 2015 жылдың 21 тамызында «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚОФ қызметкерлеріне лекция өткізді. Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасын қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер мен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы жөнінде түсінік берді. Шараның қорытындысы бойынша, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚОФ директоры Қ.Хамзин сыбайлас жемқорлық қылмысының деңгейінің төмендету мақсатында өзекті мәселелердің шешімін осындай ашық конструктивті диалогтар арқылы таба алатынымызды айтып өтті. Лекция әлеуметтік тестілеу жүргізу, тақырыпқа сай слайдтар көрсету және үгіт-насихат парақшаларын таратумен аяқталды.