2015 жылы бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 1,5 мың азамат жұмысқа орналастырылды
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ол мемлекеттің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес құрамына бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және анықтау қызметінде есепте тұрған азаматтар кіретін тұрғындардың мақсатты топтарын жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ететіндігі туралы мәлімдеді. Олар әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу, кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және ақысы төленетін әлеуметтік жұмыстарға орналасуға бағыттау барысында басым құқыққа ие. «2015 жылы 891 түрмеден босап шыққан азамат жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде айм…