Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

А. Ахметов: Оқу құралымен қамтамасыз ету процесі министрліктің бақылауында

А. Ахметов: Оқу құралымен қамтамасыз ету процесі министрліктің бақылауында

Оқу құралымен қамтамасыз ету процесі министрліктің бақылауында, деп хабарлады ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлтаир Ахметов.

Министрлік оқу құралдарымен қамтамасыз ету процесіне мониторинг жүргізуде, нәтижесіне кейбір аймақтарда қаржыландыру толығымен жүзеге асырылмағаны анықталды.

«Оқу құралымен қамтамасыз ету процесі министрліктің бақылауында, заңға сәйкес білім беру саласына  ЖАБ жауапты. 10 тамызға дейін еліміздің мектептерін оқу құралдарымен қамтамасыз ету міндеті қойылған болатын, осы ретте ведомство кейбір аймақтарда бұл толығымен жүзеге асырылмағандықтан жауапты ЖАБ тұлғаларын жауапқа тарту мәселесі алға қойды», - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, ОҚО-дағы жағдай анықталғанша қаржыландыру 1 млрд теңгеге дейін жетпейь қалған, бүгінде қаржыландыру да, оқу құралдарымен қамтамасыз етуде толығымен жүзеге асырылуда.

Қазақстанда мектептер шамамен 99%-ға оқулықтармен қамтылды – ҚР БҒМ

Ағымдағы жылдың 22 тамызындағы жағдай бойынша, еліміз бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету 98,7% құрады. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлтаир Ахметов хабарлады.

«Ағымдағы жылғы 22 тамыздағы  деректер бойынша еліміз бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,7% құрады, ал Астана және Алматы қалалары, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Ақмола, Атырау, Алматы, БҚО, ШҚО мен Қызылорда облыстарында 100% көрсетті. Ал, Ақтөбе, СҚО, Жамбыл облыстарында 100% жетер-жетпес шамасында, ал ОҚО-да 81,8% көрсетті», – деп мәлімдеді ол.

Айта кетерлік жайт, 2015 жылы ЖАБ 4-6 және 11 сынып оқышуларын оқу құралымен қамтамасыз етуге қаржы бөлді, ал, 1-3 және 7-10 сынып оқушыларын оқу құралымен қамтамасыз ету кітапхана қорымен немесе ЖАБ бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

Білім күні бірінші сынып оқушыларына Елбасының атынан сыйлықтар беріледі

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атынан 1 қыркүйекте еліміздің барлық бірінші сынып оқушылары сыйлық алады. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлтаир Ахметов хабарлады.

«Әр бірінші сынып оқушысына 1 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы тарту етіледі», – деп хабарлады ол.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы кітапханада қазақстандық мектептерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Ақпарат көзі

 

0
0
469

Осы тақырып бойынша

А. Ахметов: Оқу құралымен қамтамасыз ету процесі министрліктің бақылауында - Yvision.kz