«Даму» қоры шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ
«Даму» қоры теңге бағамын түзетуге байланысты шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ, деп мәлімдеді «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров ОКҚ-да.
«Өздеріңіз білетіндей Үкімет еркін теңге бағамы туралы хабарлады. Аталмыш теңге бағамын түзету кәсіпкерлік ахуалға еш әсер етпейді, керісінше болашақта кәсіпкерлер жұмысының жандануы күтілуде. «Даму» қоры шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ. Біз өзіміздің көмек көлемімізді арттыратындығымызға сенімдіміз», - деп мәлімдеді Д.Әбілқайыров.
Оның атап өтуінше, Даму қоры заемшыларын теңге бағамының еркін айналымға өтуі еш алаңдатпеу керек, себебі несие немесе субсидия тек теңгелей беріледі.
«Оның үстіне валюталық зайымдардың пайыздық үстем ақысын субсидиялау қарастырылған. Бүгінде мұндай 27 жоба бар, оның жалпы құны 53 млрд теңге. Жалпы, шетелдік валюта түрінде қарыз алғандардың үлесі барлық қарыз алушылардың 3% ғана құрады», - деді Д.Әбілқайыров.
Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы 27 млрд теңге қарастырылған.
«Айта кетерлік жайт, бүгінде пайыздық ставкаларды субсидиялауға арналған кәсіпкерлерді қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы бюджет 27 млрд. теңгені құрады және биылғы және алдағы жылға ешқандай қырқартулар қарастырылып отырған жоқ», - деп мәлімдеді ол.
Д.Әбілқайыров атап өткендей, Бизнестің жол картасы бағдарламасы жұмыс істеуде және субсидиялау бойынша 5 536 заемші бір трлн. теңге көлемінде несие алды. «Кепілдендіруге қатысты айтар болсам, 1173 заемші 53,6 млрд. теңге сомасына несие алды», - деді Д.Әбілқайыров.
Бұдан басқа, Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, 2014 жылы 1 трлн 402 млрд теңгенің өнімі өндірілді. БЖК қатысушылары 2010-2014 жылдар аралығында шамамен 193 мың жұмыс орнын сақтап қалды және 58 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
«2010 жылдан бастап ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығы аралығында БЖК қатысушылар 343 млрд теңге көлемінде салық төледі», - деді Д.Әбілқайыров.