Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

А. Сәрсенбаев: Конституцияны көбірек оқыған сайын тереңірек түсінесін

Конституцияны көбірек оқыған сайын оны тереңірек түсінесін, деп ағынан жарылды ҚР Жоғарғы сотының судясы Амангелді Сәрсенбаев «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

«Конституция негізгі мемлекеттік билік, басты заң. Барлық қабылданған заңдар ҚР Конституциясына сай келуі керек. Олар оған қарсы шықпау керек. Контитуция бәрін біріктіретін негізін салушы заң болып табылады», – деді А. Сәрсенбаев.

Судя атап өткендей, Конституцияда барлық негізгі органдар мен оларлың қызметі атап көрсетілген.

«Конституция – бірегей зат, оны оқыған сайын тереңірек түсінесін. Түрлі салалар арқылы оған қарайтын болсаң, соғұрлым көбірек көре аласың», – деді А. Сәрсенбаев.

«Конституция күні – негізін салушы, мемлекетті құрушы мерекенің бірі. Сондықтанда кітапханада арнайы зал ашылуда, оның мән-мағынасы терең. Бұл мереке саналы түрде аталып өтетін мейрам болып табылады», - деді ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов.

Оның айтуынша,  конституциялық заңгерлік Конституцияның баршылығымен қамтамасыз етіледі.

«Конституцияның рөлін қайта бағалау соншалықты оңай емес, ол барлық құқық жүйесін қалыптастырып отыр. Конституцияның авторы Қазақстанның күллі халқы. Ал, оны басты жасақтаушы ҚР Президенті Н.Назарбаев», - деп толықтырды И.Рогов.

Сонымен, Конституция Залының экспозицицясы 4 бөлімнен тұрады: 1. Қазақтың әдет-ғұрып ережелері; 2. Қазақстан Конституциясының тарихы; 3. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конститциясы; 4. Шет елдердің Конституциялары.

Экспозицицияның басты бұйымдары қазақтың әдет-ғұрып ережелері мен Қазақстан Конституциясының, сондай-ақ шет елдердің Конституцияларының тарихына байланысты 300-ден аса кітап, кітапша, кино-фото-фоно құжаттардан құралған.

Конституция Залы ғалымдар, студенттер, оқушылар, кітапхана оқырмандары, кітапқұмарлар, сондай-ақ мемлекет тарихы бойынша әуесқойлардың жұмыс жасауына арналып отыр.

Қазақстан Республикасы Конституция кеңесінің мүшесі баса айтқандай, Қазақстанда Конституцияның 1 бабы 2 бөлімінде әр азаматтың игілігі үшін экономикалық даму басты принціп болып көрсетілген.

«Бұдан әр азаматтың тегін білім алуы және бәсекеге қабілетті жоғары білім алуы, мүгедектік бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы шығады. Бұл біздің әлеуметтік мемлекет екеніміздің белгісі. Бұл Конституцияның әр азаматтың өміріндегі ролін  білдіреді», - деп түйді А.Жайылғанова.

Ақпарат көзі

 

0
0
513

Осы тақырып бойынша

А. Сәрсенбаев: Конституцияны көбірек оқыған сайын тереңірек түсінесін - Yvision.kz