Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дамыған мемлекеттің реформасы және жолы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының орынбасары Берік Бекжанов Облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында кәсіподақтар активімен кездесу өткізді. Тақырып Елбасының бес институтционалдық реформасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына арналды.

Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Досыбай Шерімқұлов жүргізген жиынға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырған кәсіподақтар орталығына ризашылығын білдірген Б.Бекжанов Ұлт жоспарының маңызына тоқталды.

Аталған іс-шараның мақсаты мемлекет басшысының Ұлт жоспары –«100 нақты қадам» бес институтционалдық рефомасын жүзеге асыру – бұл жаһандық ішкі сын- қатерлерге жауап және тарихи жағдайларда дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену жөніндегі баянды бағдарлама екендігін атап өтті. Сонымен қатар, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға» байланысты болатын өзгерістер мен жаңалықтарға орай өз пікірін білдірді. «Көбінесе сіздер мен біздердің қызметіміз бір арнаға тоғысады. Сіздер де жұмысшылардың мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйымсыздар. Сондықтан бұл жиынның екі жаққа да маңызы зор» деген Б.Бекжанов Мемлекет басшысының Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметке тұтастай 15 қадамды арнауы тектен-тек емес екендігіне назар аударды. Мәселен, бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы сіңірген еңбегіне қарай төленетіні, қызметкерден өзіне тиісті емес функцияларды алып тастап, нақты өз ісін атқаруына көңіл бөлінетіні айтылды.

Жиында Департаменттің бөлім басшысы Г.Мұсабекова «100 нақты қадамның» маңыздылығы, автономиялы кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі жөнінде баяндама жасады.

Іс-шара соңында Департамент қызметшілері қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта тығыз жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

0
0
476

Осы тақырып бойынша