Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аққайыңдық жастар жемқорлыққа қарсы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті «YOUTH CAMP AKKAIN-2015» жастардың жазғы лагеріндегі демалушыларға «Жастар жемқорлықсыз өмір үшін» атты семинар-тренингін өткізді.

Жазғы лагерь демалыс ұйымдастырумен қатар, үздік бастамалар мен тың идеяларды тудыру, тәжірибе алмасу үшін 18 бен 28 жас аралығындағы, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдарынан келген 30-ға жуық өнерлі жастың басын қосты.

Аталған шараның мақсаты– өңіріміздің жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру.

Семинар-тренингтің алғашқы бөлігінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасына түсініктеме беріліп, жемқорлықтың негізгі ұғымдары туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мақсаты мен міндеті жайлы баяндалды.

Ал кездесудің екінші жартысында, жемқорлық себептері мен салдарының қоғам өміріне кері әсерін тигізетіндігін, тәжірибе жүзінде көрсету үшін түрлі мысалдар келтірілді. Осылайша семинарға қатысушылар, жемқорлықтың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қаншалықты зиянды екендігін өз кездерімен байқап, тиісті сабақ алды деуге болады.

0
0
803

Осы тақырып бойынша

Аққайыңдық жастар жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz