Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР БҒМ: Балалар құқығын қорғаумен 40-қа жуық ҮЕҰ-лар айналысады

Балалар құқығын қорғау комитеті жанынан үкіметтік емес ұйымдарды үйлестіру кеңесі құрылған, оған 37 ұйым кіреді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Гүлмира Құлсариева ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Бүгінде әлеуметтік қорғау, білім беру мен денсаулық сақтау, балалар құқығын қорғаудағы мемлекет саясатында азаматтық сектордың ролі зор екені даусыз. Елімізде балалар мәселесімен айналысатын 400-ден астам түрлі республикалық бірлестіктер жұмыс істейді»,  деді Гүлмира Құлсариева.

Оның айтуынша, Балалар құқығын қорғау комитеті жанынан  үкіметтік емес ұйымдарды үйлестіру кеңесі құрылған, оған 37 ұйым кіреді.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, үкіметтік емес ұйымдар жасөспірімдер істері мен олардың құқығын қорғау ведомсвтоаралық комиссиясының мүшесі болып табылады.

«Біздің комитет барлық ұйымдармен меморандумға отырған. Асырап алған ата-аналардың мектептері, отбасыға қолдау көрсету қызметтері құрылған. Барлық әрекеттер балалар өмірін жақсартуға бағытталған»,  деп толықтырды Г. Құлсариева.

Сонымен қатар, ҚР құқық қорғау органдарын қалыптастыру мәселелеріне арналған интернет-сайт іске қосылды. Бүгінде Қазақстанда «Құқық қорғау органдарына реформалау» атты сайт іске қосылды. Онда еліміздің кез-келген азаматы елде құқық қорғау саласына қатысты жүргізіліп жатқан реформалар мен заңнамаларға өздерінің ұсыныстарын қалдыра алады, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Айта кететін мәселе, (www.rpo.kz) интернет алаңын құрудағы басты мақсат - тұрғындарды құқық қорғау саласын жаңғырту ісіне тарту, еліміздің құқық қорғау жүйесінің сапалық жағынан жақсаруына бей-жай қарамайтын барлық азаматтармен диалог орнату.

«Сайтқа кірушілерге қолайлы болу үшін онда үш бөлім жасалған. Оның біріншісі құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты реформалар бойынша ақыл-кеңестер қабылдау бөлімі. Екінші бөлімде елдің заңнамаларын өзгертуге қатысты ұсыныс-пікірлерді білдіруге болады. Үшінші бөлімде халықаралық талаптар негізінде құқық қорғау органдарының жұмысын жаңғыртуға қатысты ұсыныстар талқыланады»,-делінген хабарламада.

Бұған қоса, сайтпен жұмыс істеу тәртібі толықтай көрсетілген, ол бойынша кез-келген азамат өзінің тақырыбын ашып, болмаса бұрын ашылған тақырыпқа рікі білдіре алады.

Ақпарат көзі

 

0
0
486

Осы тақырып бойынша

ҚР БҒМ: Балалар құқығын қорғаумен 40-қа жуық ҮЕҰ-лар айналысады - Yvision.kz