Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Грек-рим стилінің палуаны Алмат Кебіспаев Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Грек-рим күресінің шебері Алмат Кебіспаев Лас-Вегаста (АҚШ) күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі.

Алмат қола жүлде үшін таласта белорусьтік Сослан Дауровты жеңді.

Осылайша, Алмат өзінің командалас әріптесі Досжан Қартықовтың жеңісті жолын жалғастырып, Қазақстан қоржынына екінші қола жүлдені салды.

Сонымен қатар, төртжылдықтың басты додасы саналатын – 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамасын еншіледі.

 
0
0
644

Осы тақырып бойынша

Грек-рим стилінің палуаны Алмат Кебіспаев Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды - Yvision.kz