Мазмұнға өту

Жаңа

Открытие клуба «Жас ақындар»

Открытие клуба «Жас ақындар» Сегодня в Центре обслуживания молодежи состоялось открытие клуба «Жас ақындар». «Литература — лучшее, что есть у человечества. Поэзия — это сердце литературы, высшая концентрация всего лучшего, что есть в мире и в человеке. Это единственная пища для души». Сегодня в КГУ «Центр развития молодежных инициатив» управления по вопросам молодежной политики Павлодарской области состоялось долгожданное открытие клуба юных и талантливых поэтов «Жас ақындар». Юные ораторы продемонстрировали свои способности в стихах, отрывках отечественных произведений, а также в собственных импровизациях таких как «Айтыс». Айтыс – это песенное состязание казахских акынов, импровизированный поэтический спор – одна из традиционных форм устной народной поэзии. Вступая в состязание без пред…

0
1
358

«Бүгін – жексенбі» жаңа маусымда

«Бүгін – жексенбі» таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасы жаңа маусымда жақсы жаңалықтармен көрерменге жол тартпақ. Әр жексенбі сайын 09:30 – 11:00 аралығында тікелей эфирге шығатын бағдарламамыздың форматына да, бағытына да өзгерістер енгізілді. «Кино әлемі», «Тұсаукесер», «Біздің фэшн», «Хай-тек», «Wi-Fi», «Skype-Көпір», «Тәтті минуттар», «Where are you?» , «Эксперимент», «Қазақстанда жасалған» сынды 12 айдарда бір аптада болған қызық, ерекше, айтулы оқиғалар қамтылады. Сондай-ақ, еліміздің намысын қорғап жүрген жырақтағы өнер иелері мен спортшыларымыз да скайп арқылы тікелей эфирде байланысып, соңғы ақпараттарымен бөлісіп, жақындарына сәлем жолдайды. Жұлдыздардың ен жаңа туындылары «Бүгін – жексенбінің» «Тұсаукесер» айдарынан көрсетіліп, тұсауы кесіледі. Аптаның ең қызық оқиғалары мен…

0
0
899

ҚР ДСӘДМ зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң нормаларын түсіндірді

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды, осы орайда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен брифингте вице-министр С. Жақыпова заңның нормаларын түсіндірді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға дейінгі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (әрі қарай – Заң) қол қойды. «2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік…

0
0
279

С.Жақыпова: 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап, күш-қуат құрылымдары зейнеткерлерінің зейнетақылары қайта саналады

Күш-қуат құрылымдары зейнеткерлерінің зейнетақылары 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап, қайта саналатын болады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі заңн түсіндіру мақсатында өткен брифинг барысында. «Заң қарастырып отырған үшінші жаңалық күш-қуат құрылымдарының қызметкерлерін мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету институтына аудару мәселесі болып отыр. Бүгінде біздің күш-қуат құрылымдарымыз мемлекеттің әскерилерге қатысты жүзеге асыратын зейнетақылық төлемдердің 20 пайызынан жинақталған базалық жинақтауларды алуға құқылы. Тәжірибе көрсеткеніндей, зейнетақылық төлемдер мен зейнетақылық қамтамасыз етулер күш-қуат құрылымдары үшін сәйкескелмейді. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 73 мың адам күш-қуат құрыл…

0
0
290

Ақмола облысының судан зардап шеккен тұрғындары үшін 100 тұрғын үй салынуда – әкімдік

Өңір басшысы Сергей Кулагин өзінің Целиноград ауданына барған жұмыс сапары барысында Оразақ ауылындағы құрылыс алаңқайына бас сұғып, көктемгі су тасқынынан зардап шегіп, баспанасыз қалған тұрғындар үшін салынып жатқан 100 екіпәтерлі үйлердің құрылысы барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі. Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысындағы Астанадан отыз шақырым жерде орналасқан отыз үйдің барлығы су астында қалған еді. Ағанас ауылында бұрын соңды мұндай оқиға болмаған. Айтып келмейтін апат болған кезде, тұрғындар тұрмыстық заттарын шығаруға үлгермей, қауіпсіз жерге көшірілген. Топан су Астанаға қатынайтын жолды да шайып кеткен. Бір метр тереңдіктен асатын судан құтқарылған тұрғындардың уақытша тұрақтануына шатырлар құрылған. Бүгінде құрылыс орнына барлық қажетті техника жеткізілген, бұ…

0
0
873

“Жасыл квартал” кешені

Published 14.09.2015 www.nur.kz «Экспо-2017» көрмесі қарсаңында Астанада бірнеше әсем ғимарат салынуда. Солардың бірі “Жасыл квартал” тұрғын үй кешені. «Жасыл квартал» ауданының жалпы құны 44 млрд теңге және жалпы аумағы 188 мың шаршы метр болады. Бұл ауданда тұрғын үйлермен қатар, әкімшілік ғимараттар да салынады. «Жобаның құрылысы басталып кетті десе де болады. Бірден айтайын, «жасыл квартал» ауданындағы тұрғын үй әлеуметтік болмайды. Тұрғын үй өте қымбат, шамамен бір шаршы метрі 2 мың доллардан асады», — дейді Палымбетов. Басқарма төрағасының айтуына қарағанда, 2017 жылы аяқталатын «Жасыл орам» жобасының жалпы аумағы 180 мың шаршы метрді алады. Сонымен қатар, орамдағы әрбір нысанның, әрбір ғимараттың экологиялық паспорты болады. «Бұл әлеуметтік баспана емес екенін бірден айта кетейін.…

1
0
624

Шетелдегі оқудың шикіліктері

Бүгін бұл мәселе «Әйел бақытында» талқыға салынбақ.

Шетелде оқимын деп өміріне қатер төндірген жастар қаншама?! Елден жырақта жүргенде қауіпсіздігіне аса мән бермейтіндер жаңа таныстарына, достарына алданып, темір тордан бірақ шыққандар да жоқ емес.

Біздің жастар шетелде оқуға неге құмар? Олар  шетелді неге еркіндік деп санайды? Ойнап жүріп, от басатындарға көбіне  не түрткі болады? Мұндай жағдайдың алдын алуға бола ма? Бүгін 15:00-де «Әйел бақытынан» көріңіз.

1
0
226

Велоспорттан UCI рейтингінде Қазақстан Ұлттық құрамасы – 30, «Астана» командасы – 6, Фабио Ару — 5-орында

Халықаралық велоспорт одағы Испанияда аяқталған «Вуэльта» көпкүндігінен соң велеошабандоздар, командалар мен Ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады. «Астана» командасы сапынан үздік нәтиже Фабио Аруға тиесілі. Ол Әлем рейтингінде алтыншы орында. Ару кеше ғана аяқталған «Вуэльта» көпкүндігінің жеңіміпазы атанғанын айта кетейік. «Астана» клубы командалық есепте алтыншы орында болса, Қазақстан Ұлттық құрамасы 30-орында келеді. Велоспортшылар рейтингі: 1. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») — 615 ұпай 2. Хоаким Родригес (Испания, «Катюша») — 474 3. Наиро Кинтана (Колумбия, «Movistar») — 457 5. Фабио Ару (Италия, «Астана») — 448 31. Микель Ланда (Испания, «Астана») — 164 36. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 138 43. Ларс Боом (Нидерланд, «Астана») — 102 62. Якоб Фульсанг (Дания, «Аст…

0
0
342

Зарина Диас WTA рейтингінде 43-орынға түсті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде 8 саты төмендеп, 43-орынға түсіп қалды.

Қазір Зарина 1265 ұпаймен 43-орында тұр. Юлия Путинцева 765 ұпаймен 75-сатыға көтерілді. Ал, Ярослава Шведова 87-орыннан 88-сатыға төмендеді. Оның ұпайы – 677.

Енді Зарина Диас 14-20 қыркүйекте өтетін Токио турниріне қатысады. Ол алғашқы айналымында нидерландылық Кики Бертенспен күш сынасады. К.Бертенс әлемдік сатыда 110-орында. Токио турнирінің жүлде қоры - 226750 АҚШ доллары.

0
0
184