«Экспо-2017» көрмесі қарсаңында Астанада бірнеше әсем ғимарат салынуда. Солардың бірі “Жасыл квартал” тұрғын үй кешені.
«Жасыл квартал» ауданының жалпы құны 44 млрд теңге және жалпы аумағы 188 мың шаршы метр болады. Бұл ауданда тұрғын үйлермен қатар, әкімшілік ғимараттар да салынады. «Жобаның құрылысы басталып кетті десе де болады. Бірден айтайын, «жасыл квартал» ауданындағы тұрғын үй әлеуметтік болмайды. Тұрғын үй өте қымбат, шамамен бір шаршы метрі 2 мың доллардан асады», — дейді Палымбетов.
Басқарма төрағасының айтуына қарағанда, 2017 жылы аяқталатын «Жасыл орам» жобасының жалпы аумағы 180 мың шаршы метрді алады. Сонымен қатар, орамдағы әрбір нысанның, әрбір ғимараттың экологиялық паспорты болады.
«Бұл әлеуметтік баспана емес екенін бірден айта кетейін. Сосын бұл мейлінше қымбат кешенге айналады», — деп келтіреді Палымбетовтің сөзін Қазақпарат.
Бұның барлығы жаңа технологиялар ғой. Жаңаның барлығы арзан болмайды. Біз қайткен күнде де құрылысқа жаңа технологияларды енгізу керекпіз. Бүгін осындай қымбат үйлер салынып жатса, оларды сатып алатын адамдар бар деген сөз. Егер сұраныс болмаса, ондай үйлерді ешкім салмайтын еді. Біз бүгін жаңа технологиялар үшін ақша салып жатырмыз. Ондай болса, барлығымыз шалшықта өмір сүрейік!», — дейді басқарма төрағасы.
Болат Палымбетов кеңес одағынан қалған ескі үйлерден құтылып, еуропалық стандартқа көшу керектігін айтады.
«Біз Еуропалық сападағы үйлер салуымыз керек. Ертең осындай еуропалық сападағы үйлер көбейген кезде, баға түсетін болады. Барлығын нарық, барлығын бәсекелестік шешеді», — дейді ол.
Басқарма төрағасы «Жасыл орам» халықаралық «ЭКСПО-2017″ көрмесі қарсаңында бой көтеріп, Астананың көркін одан сайын арттыра түсетіндігін айтты.
http://gbpp.org/kz/2015/09/6659
