Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Бүгін – жексенбі» жаңа маусымда

«Бүгін – жексенбі»  таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасы жаңа маусымда жақсы жаңалықтармен көрерменге жол тартпақ.

Әр жексенбі сайын 09:30 – 11:00 аралығында тікелей эфирге шығатын бағдарламамыздың форматына да, бағытына да өзгерістер енгізілді.

«Кино әлемі», «Тұсаукесер», «Біздің фэшн», «Хай-тек», «Wi-Fi», «Skype-Көпір», «Тәтті минуттар»,  «Where are you?» , «Эксперимент»,  «Қазақстанда жасалған» сынды 12 айдарда бір аптада болған қызық, ерекше, айтулы оқиғалар қамтылады.

Сондай-ақ, еліміздің намысын қорғап жүрген жырақтағы өнер иелері мен спортшыларымыз да скайп арқылы тікелей эфирде байланысып, соңғы ақпараттарымен бөлісіп, жақындарына сәлем жолдайды.

Жұлдыздардың ен жаңа туындылары «Бүгін – жексенбінің»  «Тұсаукесер» айдарынан көрсетіліп, тұсауы кесіледі. Аптаның ең қызық оқиғалары мен соңғы жаналықтарын «Бүгін – жексенбінің» ұжымымен бірге көріңіз.

Жексенбі күні сағат 9:30 – 11:00 аралығында, Қазақстан арнасы ;)

 

0
0
886

Осы тақырып бойынша

«Бүгін – жексенбі» жаңа маусымда - Yvision.kz