Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Зарина Диас WTA рейтингінде 43-орынға түсті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде 8 саты төмендеп, 43-орынға түсіп қалды.

Қазір Зарина 1265 ұпаймен 43-орында тұр. Юлия Путинцева 765 ұпаймен 75-сатыға көтерілді. Ал, Ярослава Шведова 87-орыннан 88-сатыға төмендеді. Оның ұпайы – 677.

Енді Зарина Диас 14-20 қыркүйекте өтетін Токио турниріне қатысады. Ол алғашқы айналымында нидерландылық Кики Бертенспен күш сынасады. К.Бертенс әлемдік сатыда 110-орында. Токио турнирінің жүлде қоры - 226750 АҚШ доллары.

 
0
0
179

Осы тақырып бойынша

Зарина Диас WTA рейтингінде 43-орынға түсті - Yvision.kz