Мазмұнға өту

Жаңа

«Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Сочи» командасын 3:2 есебімен ұтты

Аса тартысты әрі қызықты жағдайда өткен кездесуде Ерлан Сағымбаев шәкірттері жеңіске жетті.

Елордалық клубтың қақпасына соғылған алғашқы шайбаның авторы – Никита Щитов атанса, Евгений Скачков есепті еселеді. Осыдан кейін шауыблды күшейткен айдын иелері көздегеніне жетті. Бұл сәтте мергендігімен танылған Никита Михайлис.

Көп ұзамай Кевинн Далмэн есепті теңестірсе, Найджел Доус ойының соңғы минутында жеңіс голын салды. «Барыс» ойыншылары келесі кездесуін 16 қыркүйекте «Салават Юлаевқа» қарсы өткізеді.

0
0
243

АШТӨ астық сақтау сыйымдылықтарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға өсіп, 12,6 млн. тоннаны құрады

Ағымдағы жылы барлық ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 21,2 млн. га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 14,9 млн. га, бидай – 11,7 млн. га. Майлы дақылдар 2 млн. га, мал азықтық дақылдар – 3,7 млн. га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 425 мың га алқапта орналастырылды. Бұл ретте 2014 жылмен салыстырғанда дәнді жемдік, жарма, бұршақты дақылдардың алқаптары 316 мың га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 12,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 400 мың га, қант қызылшасы – 7,4 мың га көбейді, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүргізілетін егіс алқаптарын әртараптандыру саясатының оң нәтижесі болып табылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша егін жинау жұмыстары барлық аймақтарда өткізілуде. Сондай-ақ, биыл егін ору науқаны өткен жылдағы көрсеткіштерге…

1
0
569

Әміреновтер әулеті: Конкурсқа қатысқан отбасылардың барлығы өнегелі

«Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жүлдегерлері Әміреновтер әулеті бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Біз кеншілер әулетіміз. Екі қызым, екі ұлым, екі күйеубалам және өзім кенші болып, қызмет етеміз. Ең алғаш отбасымызға ұсыныс түскенде, қатты қуандық. Алдымен, қалалық байқаудан топ жарып, республикалық жарысқа шықтық. «Мерейлі отбасы» – Елбасының жолға қойған үздік жобасы. Соңымыздан ерген ұрпаққа өнеге. Конкурсқа қатысқан отбасылардың барлығы өнегелі»,-дейді Ришат Бабайұлы. «Байқауға қуана-қуана қатыстық. Жиырма жылдан аса өзімді балаларыма арнап, олар қайда болса, мен сонда жүріп, тек бала тәрбиесімен ғана айналысып келемін»,-дейді әулеттің отанасы Қарашаш Үкібайқызы. Өлең жазатын өнері бар Қарашаш Үкібайқызы таңғы бағдарламада конкурсқа арнап жазған әулетін таныстыру өлеңін оқ…

0
0
533

Ислам Қабышұлы: Өмірімнің 53 жылын түркітектес халықтардың тарихына арнадым

Моңғол мемлекетінің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ислам Қабышұлы бүгін таңғы бағдарламада қонақта. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнайы келген ғалым: «Мерейлі мерекені біз Моңғолияда Қазақ елінің тарихшылары, Моңғолияның, Қытайдың, дүниежүзіндегі түркітектес халықтардың ірі мамандары бірігіп, осыдан екі ай бұрын белгілеген едік. Біз түбі бір түркі тектес халықпыз. Тарих ғылымына мен тек қазақ немесе моңғол тарихы тұрғысынан ғана қарамадым. Түркітектес, түркітілдес 28 ұлт пен ұлыстың, жеті тәуелсіз республиканың 2200 жылдық тарихын екшеп, «Тұран әлемі» деген кітап жазып, мемлекеттік сыйлық алған едім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ елінің, әлемнің алдында айтқан сөзі тұтас түркі елдерінің бойтұмары ретінде сақталады»,-дейд…

0
0
688

Медициналық қызмет сапасы мен дәрілер бағасы үнемі бақыланады

Ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте облысымыздың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, медициналық қызметке ақы төлеу, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттері басшыларының қатысуымен баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша республикамызда Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу жүргізілуде. Бұл алға қойған мақсаттарға жету үшін бірегей механизм болып табылады, сондықтан кездесуге медициналық қызметке ақы төлеу және фармацевтикалық қызметті бақылау жүйесі туралы халықты барынша ақпараттандыру мақсатында Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі облыстық аумақтық департаменттерінің жетекшілері шақырылды.Жұмысының негізгі мақсаты – кепілдендірілген тегін медициналық көмекті ұсыну саласындағы мемлекетт…

0
0
441

Бұлан – Қазақстанды мекендейтін тұяқты жануарлардың ең ірісі

Олар еліміздің шекаралас аумақтарында, Жайық өзені аңғарында, солтүстік орманында, Ертіс бойы мен Алтай тоғайында кездеседі. Бұлан – Қазақстанды мекендейтін тұяқты жануарлардың ең ірісі. Тұрқы – 2 метрге, салмағы – 600 келіге дейін жетеді. Түсі көбіне қоңырқай болады. Еліміздің шекаралас аумақтарында, Жайық өзені аңғарында, солтүстік орманында, Ертіс бойы мен Алтай тоғайында кездеседі. Аталығының аспанға қарай тарамдалып тұратын жуан мүйізі бар. Жазда шөппен, қыста бұтақпен, ағаш қабығымен қоректенеді. Халықаралық Қызыл кітапқа енгенімен, нақты саны белгісіз. «Әр маусым кезінде санақ жұмыстарын жүргізіп, көктемде, қыста қандай болатынын айту керек. Бұл – белгілі бір ғылыми жұмыстарды, санақ жұмыстарын жүргізуді талап ететін сала. Бір айтатыным – бұландардың саны аса көп емес. Себебі, бұры…

0
0
5198

Отбасы күніне арналған суреттер топтамасы

Отан отбасынан басталады демекші, отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлығы қалыптаса бастайды. Отбасынан бойына сіңірген асыл қасиеттер баланың алдағы өмірінде сенімді серік болaды. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі ерекшеліктері, өзіне ғана тән мәдени құндылықтары бар. Қазақ халқы болса, баланы бүлдіршең кезінен туған жеріне, еліне, еңбекке және ата-дәстүріне деген ыстық махаббатпен өсіреді. Осыған арнап, El.kz редакциясы отбасы туралы дана мақалдармен өрнектелген мағыналы суреттер топтамасын ұсынады.


0
0
17299

Түбіртекті талап ет – сыйлық ұтып ал!

Акция тұтынушылардың құқығын қорғау және сауда орындарының қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Оған өңіріміздің әр тұрғыны қатыса алады. Ол үшін белгілі бір тауар сатып алып, сатушыдан чек талап ету қажет. Сол түбіртектер арқылы ұялы телефон, тұрмыстық техника ұтып, республикалық деңгейдегі ұтыс ойынының жолдамасын иелену мүмкіндігі берілді. Облыс бойынша барлығы 2500 купон жиналды. Ұтыс ойынына қатысушылар арасындағы белсенділік облыс орталығы, Рудный және Лисаков қалалары арасында жоғары. Ұйымдастырушылардың айтуынша, чекті талап етуге әркімнің құқығы бар. Ал егер оны алмасаңыз, тауарыңыз жарамсыз болып шықса, заңды түрде ақшаңызды қайтара алмайсыз. Сыйлықтар смартфон мен ас үй техникасын Жітіқара мен Лисаков қаласының тұрғындары иемденді. Ал Науырзым аудынының…

0
0
259

100 нақты қадам: Ел ертеңі – білімді ұрпақ!

Бүтін елді қамтыған бұл бастама біздің өңірде де қызу жүзеге асырылуда. Жергілікті партия өкілдері де өңір өрендерін ортаға алып, оларға орасан зор көмек көрсетуде. Келешегін кемелдендіруге күш салуда. Түсініктірек айтсақ, тәлім алушылардың түлек атанғанған соң жоғарғы оқу орнына түсуіне жағдай жасауда. Ата-ана қамқорлығына зәру жеткіншектерге жеке шот ашып, қалаған мамандығын оқуға қажетті қаражат жинауда. Жоба аясында жергілікті партия өкілдері жетім әрі ата-ана қамқорлығынан ада деп есептелетін 5 жеткіншекке жәрдем көрсетті. Оларға алғашқы салымы бар сертификат табыс етті. Бүгінгі балғын, ертеңгі студенттің өмірін өзгертуге өзімнің үлесімді қосам деушілер енді шәкірттер шотына ақша аударып тұрмақ. Бұл қоғамдық шарадан Қостанай ауданы да қалыс қалып жатқан жоқ. Үлгілі үрдіс аясында зато…

0
0
450

Театрализованный концерт « Мәңгілік Ел»! (видео)

В Астане состоялся театрализованный концерт " Мәңгілік Ел", посвященный 550-летию Казахского ханства. Многочисленные зрители в столичном Ледовом дворце увидели постановку, состоящую из семи частей. Каждая глава описывает определенный исторический этап становления казахского государства. Над созданием театрализованного концерта работали почти три тысячи человек, за каждую часть представления отвечал отдельный режиссер. Техническую часть шоу обеспечивали специалисты из Италии.

1
5
627