Мазмұнға өту

Жаңа

С.Омаров: Қазақстан аграрилері астық жинау үшін ЖЖМ-мен қамтылды

Қазақстан аграрилері астық жинау үшін жеңілдікті жанар жағармай материалдарымен толық қамтылды, деді ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров.«Бүгінгі таңда тауар өндірушілер ЖЖМ-мен толық қамтылды. Жыл басында тауар өндірушілеріне көктемгі және күзгі жинау жұмыстарын жүргізу үшін орташа бағасы литріне 81 теңге тұратын 421 мың тонна жеңілдікті жанар жағармай материалдары берілді. Ауыл шаруашылығы техникасының әзірлігі 98-99 пайыз дәрежесінде болып отыр», - деді С.Омаров.Сондай-ақ, вице-министр атап өткендей, Қазақстанда астық сақтайтын қоймалар жетерлік.«Бүгінгі таңда республикада 204 нан қабылдайтын лицензияланған кәсіпорын бар, олар 13,7 млн тонна астықты сақтауға қауқарлы. Сондай-ақ, әрбір ауыл шаруашылығын өндірушіде 12,6 млн тонна астық…

0
0
393

5 тұғырлы реформа мемлекеттік аппаратты жаңғыртудың тиімді жолы

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінде 5 тұғырлы реформаны түсіндіру бойынша семинар өткізді. Кездесуге ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары, мемлекеттік қызметшілер және аудан орталығының жұмысшылары қатысты. Булаево қаласында өткен семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның өкілдері ауылдағы мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшелігін, егін өндірісі, мал шаруашылығы, бизнесті жан-жақты қолдауды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу сапасының тікелей тәуелділігін атап өтті. Бірінші және екінші институционалды реформаны түсіндіру барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, жиылғандардың мемлекеттік қызметш…

0
0
557

Квазимемлекеттік сектордағы жемқорлық профилактикасы

2015 жылдың 14 қыркүйегінде Департамент қызметкерлері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ БҚО бойынша қызметшілерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттері, Қылмыстық Кодекстің новеллаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

0
0
343

Мемлекеттік қызмет – халыққа сапалы көрсетілуі тиіс

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Петропавл қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына дәріс оқыды. Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер – облыстық мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторингі және 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудағы басым бағыттарды түсіндіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның маманы, дәріске қатысушылардың назарын мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру бойынша рәсімдерді үнемі жаңғыртып отыру қажеттігіне аударды, сонымен қатар оларды толықтай электронды нұсқаға алмастыруды ұсынды. ХҚКО басшылығы өз кезегінде, халыққа мемлекеттік қ…

0
0
551

Римма Тәжібаева: Шетелдіктер қазақи атауға қызығады

«Халық Маркасы» жобасының жетекшісі бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. 2015 жылдың басында Елбасының бастамасымен Республика бойынша «Қазақстанда жасалған» акциясы жарияланды. Бүгінгі таңда акцияны қолдау мақсатында «Халық маркасы» жалпы ұлттық конкурсы ұйымдастырылуда. Конкурстың марапаттау рәсімі қараша айының 16-да Италияның Милан қаласындағы ЕХРО-2015 көрмесінде, ҚР павильонында жарияланады. Осы орайда «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева «Таңшолпанда» қонақта болып, соңғы жаңалықтарымен бөлісті. «Халық маркасы» жобасы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 15 шілдеден бастап жарияланды. Еліміздің барлық өңірінен тауар өндірушілер шақырылды. Бұл кезең 9 қыркүйек күні аяқталды. Бір қуанарлығы – өзіміз 50-60-тай бренд жинаймыз деп күткен едік. Алайда, жобаға қатысуға 100-ден а…

0
0
282

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру балалардан басталады

Дені сау ұлт – әр мемлекеттің стратегиялық маңызды мәселесі, ал балалардың денсаулығы әрқайсының байлығы. Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Облыстық балалар стоматологиялық емханасы мамандарына семинар өткізді. Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қызметкерлері, кездесуге қатысушыларды 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары: заманауи мемлекет барлығы үшін» бастамасы, Департамент қызметінің мақсаты, облыс тұрғындары арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Шара барыс…

0
0
500

Бөтелкедегі суды сатып аларда нені ескеру керек?

Құтыдағы белгілердің анықтамаларын «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Бөтелкедегі суды сатып алар кезде нені ескеру керек екенін білесіз бе? Түбі бүгін болса болғаны деп жүре беруге болмайды. Денсаулықты қорғау үшін бұл жеткіліксіз.

Пластикалық бөтелкелердің жапсырмасында ыдыстың қандай материалдан жасалғаны туралы жазба болады. Бұл ақпарат өте маңызды. Себебі, кез келген пластиктен әр түрлі дәрежеде қауіпті химикаттар бөлінеді.

Жалпы, PS және арнайы белгілері жоқ пластмасса пластиктің ең зиянды түрі саналады. Пластикалық затты сатып аларға осыған мән беріңіз.

Ал, құтыдағы белгілердің анықтамаларын «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

0
0
253

«Қазақ Елі» алаңындағы этно-ауылға саяхат. Батыс Қазақстан облысы

Қазақ елі монументі алдында бой көтерген этно-ауылда Қазақстанның барлық аймақтары киіз үй көтеріп, іші-сыртын тарихи экспонаттарға, ұлттық бұйымдарға, құнды жәдігерлерге толтырды. Сөйтіп, үш күн мереке бойы Астана тұрғындары мен қала қонақтары орта ғасырға саяхатқа аттанды. Бүгінгі санымызда ақшаңқан үш киіз үй тұрғызып, сал-серілер мен қолөнершілердің өнерімен тамсандырған Батыс Қазақстан облысының көрмесі туралы айтамыз.

0
0
1408

Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен іс-шара

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 Жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы»-да берілген тапсырмалардың бірі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, яғни азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, оған деген берік иммунитетін, қалаған нәтижеге қол жеткізу және жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу айтылған. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облысының «Заман» өндірушілер қауымдастығы мен бірлесіп, «Жемқорлық» видеоролигі түсірілген болатын. Аталған видеоролик Батыс Қазақстан облыстық денсаулық са…

0
0
407

«Алдаспан» жас ақындар клубы ашылды

«Алдаспан» жас ақындар клубы ашылды Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығында «Алдаспан» атты жас ақындар клубы ашылды. Біздің ғасырымыздың әрбір күні бір-бір жаңалық, күнтізбенің сызылған әр парағы бір-бір тарих болып отыр. Кешегі жаңалық бүгін үшін тарих. Мінеки, бүгінгі күннің жаңалығы Павлодар облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың жанындағы жастар бастамаларын дамыту орталығының қолдауымен «Алдаспан» жас ақындар клубы ашылды. Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар облысы бойынша Қазақстан Жазушылар Одағы филиалының төрағасы Арман Қани жас ақындарға сәт-сапар тіледі. Мерекеге С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті мен Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенттері қатысты. Аталмыш іс-шарада жас ақындарымы…

0
0
1415