Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Парламенті Алматы қаласындағы ДДҰ–ның МСАК бойынша географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады

Бүгін Парламент Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады.

ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша (ары қарай - МСАК) тұңғыш офисі әлемнің 53 елі кіретін ДДҰ Еуропа аймағы үшін денсаулық сақтау саласының аталған бағытын дамыту бойынша зерттеулер жүргізіп, ұсынымдар жасаумен айналысатын болады.

Бұл Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меңгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және МСАК бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді Қазақстанда бейімдеуге мүмкіндік береді. Бірлесе атқарылатын жұмыс нәтижесінде денсаулық сақтаудың бастапқы буынының қолжетімділігі мен сапасына, әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары үшін; алдын алу бағдарламаларының тиімділігін арттыруға; жұқпалы емес аурулардың туындау қаупінің белгілі факторларымен күресті күшейтуге қол жеткізілуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қыркүйек айында Түркия елінде өткен ДДҰ-ның Еуропа аймақтық 63-сессиясында Қазақстан елінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша қашықтағы офисін ашу туралы шешім қабылданған болатын.

Өткен жылы Денсаулық сақтау Әлемдік ассамблеясының 67-сессиясынла ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ДДҰ–ның МСАК бойынша Алматы қаласында географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісіміне қол қойылды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ДДҰ Еуропалық бюросының Аймақтық директоры Жужжанна Жакабтың жұмыс сапары барысында С.Д. Асфендяров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің базасында кеңсенің ашылу салтанаты өтті. Жоғарыда аталған келісім ратификацияланған соң кеңсе өз жұмысын бастамақ.

 
0
0
310

Кәсіби педагогикалық колледжінің студенттері жемқорлыққа қарсы

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжінің оқытушылары мен студенттеріне арналған дәріс оқыды.

Департамент қызметкерлері 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаты мен міндеті, жемқорлық құқық бұзушылық үшін артқан жауапкершілік, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарында қарастырылған шаралар туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ кездесу барысында, жиылған қауымның назарына әкімшілік тосқауылдарды жоюға бағытталған жұмыстар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құру бойынша шаралар ұсынылды.

Ал студенттік жастармен байланысты нығайту мақсатында және олар мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық нормалар тәртібін ұстанбауы туралы, сонымен қатар жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері бойынша хабарласу үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары таныстырылды.

Дәріс соңында әдеттегідей, жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

 
0
0
407

СҚО «Қазақтелеком» АҚ ұжымы елдің жемқорлыққа қарсы саясатымен танысты

Ағымдағы жылғы 14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін «Қазақтелеком» АҚ әкімшілік-басқару ұжымына арналған дәріс оқыды.

Департамент қызметкерлері 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаты мен міндеті, жемқорлық құқық бұзушылық үшін артқан жауапкершілік, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарында қарастырылған шаралар туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ кездесу барысында, жиылған қауымның назарына әкімшілік тосқауылдарды жоюға бағытталған жұмыстар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құру бойынша шаралар ұсынылды.

Қоғамдағы жемқорлық сипаттарына нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін тиімді жұмыстардан бірқатар мысалдар келтірілді.

Жемқорлыққа қарсы бағытта түсірілген бейне роликтер көрсетіліп, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған Департаменттің интернет-ресурстары: «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» веб-сайты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы таныстырылды.

Жиын соңында, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлеріне алғыс ретінде гүл немесе кәделерді сыйлау заңдылығы туралы сұрақтарға жауап берілумен қатар, дәріс алушылардан Қазақстандағы жемқорлықтың статистикалық мәліметін (салалар, облыстар), жемқорлық бойынша еліміздің өңірлерінің рейтингісін мерзімді түрде ресми жария етіп отыру ұсыныстары да түсті.

 
0
0
555

Ана тілім — айбыным...

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

Әр адамның өз ұлты, өз ана тілі бар. Бірақ барлығымыздың туған жері мен ана тілі тең емес. Кейбір адамдар бір жерде туып, басқа елде өседі. Менің жағдайым да осымен сәйкес. Ұлтым -  армян. Бірақ Қазақстанда туып, өмір бойы қазақ жерінде тұрамын. Осымен шың жүрегімнен мақтанамын. Себебі Қазақстан - әлемдегі ең көп ұлтты мемлекет. Менің ойымша, ұлт өкілдерін тек қана ортақ жері емес - ортақ тарихы, дәстүрлері, өмірге көзқарасы біріктірді. Ал жоғарыда аталған белгілердің ең маңыздысы - қазақ тілі. Қазақтардың «тіл - достықтың көпірі» деген сөздері бар. Рас айтқан: еліміздің әр азаматы қазақ тілін үйренуге тырысады. Мен де қазақ тілін өз ана тілім деп есептеймін. Оны армян тілінен жақсырақ білемін, өйткені қазақ тілін түсіну - менің парызым.

Көп шетелден келген адамдар да қазақ тілін оқиды. Академик Радлов қазақ тілін «азиялық француз тілі» деп атады. Себебі ол қызықты, бай, жақсы дыбысталатын, өзіндік тіл. Айтпақшы, қазақ тілі өте оңай: ұзақ уақыт бойы оны пайдаланбай, әйткенмен еске түсіресің.

Менің бір сезімім бар. Оны түсіндіре алмаймын. Шың айтқанда, қазақ тілін өте жақсы көремін. Бала бақшаға барған кезінен бастап. Сол себептен мектепте осы пәннен көп олимпиадаларға қатыстым; сол себептен басқа ортада қазақ тілін сағынамын.

Өйткені қазақ тілі  - менің ана тілім.

 
3
0
17514

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысында сынып сағаты өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру әрбір Қазақстандықтың азаматтық парызы болуы керек, шыншылдық және сатылмаушылық қағидатын ұстануы қажет. Өсіп келе жатқан жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру маңызды мәселе болып қала бермек. Яғни, ерте бастан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік індет екенін жеткізу, бұл жамандық атаулыны түбімен жоюға өз септігін тигізеді.

Осыған орай, 2015 жылдың 8 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы № 7 мектеп-гимназиясында сынып сағаты өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизмге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу, сондай-ақ бүкіл қоғамды қатыстыра отырып ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру болып табылады. Тек қана мемлекетпен қоғамның тығыз байланысы ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алады.

Іс-шара барысында мектептің 11 – сынып оқушыларымен әңгімелесу жүргізіліп, тыңдаушыларды Департаменттің құрылымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта оқушылар өз ойларымен бөлісті. Қорытындылай келе азаматтардың өздерінің заңды мүдделерін іске асыру барысында құқықтық сауаттылығының төмендігі себепті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа алып келетіндігін жеткізді.

 
0
0
1633

Оңтүстік Қазақстан облысының жастарымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында семинар өткізілді

2015 жылғы 10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) ұйымдастыруымен Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде Оңтүстік Қазақстан облысының жастарымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталмыш іс-шараның негізі мақсаты – қоғам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, бұл әлеуметтік құбылысқа азаматтардың мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны жетілдіру болып табылады.

Іс-шараға Департамент қызметкерлері , БАҚ өкілдері, жоғарғы оқу орнының мұғалімдері, университеттің студенттері.

Департамент қызметкерлері қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және бұл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері іс-шараға қатысушыларды Департаменттің құрылымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру қызметімен, сондай-ақ ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды.

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айта келе және оның еліміз үшін маңызды құжат екенін түсіндірді.

Іс-шара қатысушылары институционалдық реформаға қатысты өз ойларын білдіріп, Елбасымен берілген тапсырмаларды орындау және шешу жолында тізгін басында тек қана туған елінің өркендеп өніп-өсуі үшін шынайы патриоттар, кәсіби шеберлер қалатындығы туралы айтылды.

Әңгіме барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланды. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетілді. Өткізілген іс-шараны қорытындылап, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

0
0
376

«Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу» мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында сынып сағаты өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру әрбір Қазақстандықтың азаматтық парызы болуы керек, шыншылдық және сатылмаушылық қағидатын ұстануы қажет. Өсіп келе жатқан жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру маңызды мәселе болып қала бермек. Яғни, ерте бастан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік індет екенін жеткізу, бұл жамандық атаулыны түбімен жоюға өз септігін тигізеді.

Осыған орай, 2015 жылдың 8 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) Шымкент қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында сынып сағаты өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизмге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу, сондай-ақ бүкіл қоғамды қатыстыра отырып ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру болып табылады. Тек қана мемлекетпен қоғамның тығыз байланысы ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алады.

Іс-шара барысында мектептің 11 – сынып оқушыларымен әңгімелесу жүргізіліп, тыңдаушыларды Департаменттің құрылымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта оқушылар өз ойларымен бөлісіп, анонимді сауалнама жүргізілді. Қорытындылай келе азаматтардың өздерінің заңды мүдделерін іске асыру барысында құқықтық сауаттылығының төмендігі себепті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа алып келетіндігін жеткізді.

0
0
713

Оңтүстік Қазақстан облысында дөңгелек үстел өтті, тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу», «Бес институционалдық реформаның мән-мағынасын жеткізу және оның еліміз үшін маңызды екенін түсіндіру»

2015 жылдың 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (әрі қарай - Департамент) ОҚО статистика департаментінде  «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу», «Бес институционалдық реформаның мән-мағынасын жеткізу және оның еліміз үшін маңызды екенін түсіндіру» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шара барысында кіріспе сөз статистика департаменті басшысының орынбасары Ж. Ережеповаға беріліп, әрі қарай статистика департаментінің жұмысы туралы басқарма басшысы Г. Алибаева баяндама жасады. Келесі сөз Әл-Фараби ауданы прокурорының көмекшісі аға прокурор Б. Тұяқбаевқа берілді.

Департамент қызметкерлері іс-шараның негізгі тақырыбына тоқтала келе, семинарға қатысушыларды Департаменттің құрылымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру қызметімен, сондай-ақ ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды. Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және бұл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылып жатқандығын жеткізді.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айта келе және оның еліміз үшін маңызды құжат екенін түсіндірді.

Семинарға қатысушылар институционалдық реформаға қатысты өз ойларын білдіріп, Елбасымен берілген тапсырмаларды орындау және шешу жолында тізгін басында тек қана туған елінің өркендеп өніп-өсуі үшін шынайы патриоттар, кәсіби шеберлер қалатындығы туралы айтылды.

Әңгіме барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланды. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Өткізілген іс-шараны қорытындылап, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

0
0
549

NADLoC жергілікті қамтуды арттыру мақсатында жобаларды сараптауда

«Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ (Қазақстан Республикасы ИДМ) ірі жобаларға тарту және жергілікті қамтуды арттыру жолымен отандық өндірушілерді қолдау мақсатында жобаларды сараптау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мысалға, Агенттік «Абу-Даби Плаза» көп қызметті кешенінің Бас мердігерімен кездесулер өткізді, олардың қорытындысымен  «KSPSteel» компаниясы метал құрамаларын жеткізуге арналған Шарт жасасты.

Аталып өткендей, Теңізшевройл жобаларының жалпы құны 38,8 млрд. долл. құрайды. Жобада жергілікті қамту үлесін 32%-дан 44%-ға арттыру бойынша міндеттемелер көзделген. «Бүгінгі күні ТШО дерекқорына тауарларды жеткізу бойынша 649 компания және қызметтерді көрсету бойынша 751 компания енгізілген.  1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық нарыққа 17,1 млрд. долл. астам қаржыны инвестициялады, оның ішінде 2014 жылға 2,4 млрд. долл. тиесілі», - делінген хабарламада.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығына ТШО отандық тауарөндірушілерден тауарлар мен қызметтерді 300 млн. долл. (55,5 млрд. теңге) сомасына сатып алды. Алдын-ала сатып алу сомасы 800 млн. долл. (148 млрд. теңге) бағаланады. «Белкамит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 165 млн. долл. (30 млрд. теңге) сомасына метал құрамаларын жеткізуге арналған шарт жасасу жоспарланып отыр.

Бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі міндеттемелер шеңберінде, Жобаның жобалаушысы ретінде ТШО «КазГипроНефтеТранс» Инжинирингтік компаниясы» ЖШС, «Қазақстандық мұнай және газ институты» АҚ, «Уорли Парсонс» және «ФлюорҚазақстан» арасында 50%-дық қазақстандық қатысумен KPJV бірлескен кәсіпорны құрылды.

«Жобаны қолдау аясында Қазақстанда модульдерді шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін «Дэу Шипбилдинг энд Марин Инжиниринг» («ДШМИ») және «Ерсай» консорциумы құрылды. «ДШМИ» және «Ерсай»бірлескен кәсіпорындардың ресурстарын қолдана отырып, Қазақстан аумағында 56 мың тонна құбыр эстакадаларын өндіру жоспарлануда», - деп агенттіктен хабарлад.

Меморандумды орындау шеңберінде ТШО ел аумағында клапандарды құрастыру және қызмет көрсету бойынша өндірістік қуаттылықтар жасау бойынша «Камерон Валвз» компаниясымен және құбырларды кесу зауытын құру бойынша«Тенарис» компаниясымен белсенді жұмыс жасайды.

Ақпарат көзі

 

0
0
425

Қазақстанда медиация үш бағыт бойынша жұмыс істейді

Қазақстанда Медиация орталығының іске қосылғанынан үш жыл болды. Осы уақытта қалың көпшілік оған заңды тұлғалар арасындағы коммерциялық медиация, отбасылық медиация және еңбек дауларын сотқа дейін шешу сияқты үш бағыт бойынша бойынша қайырылады, деді «Әлеуметтік серіктестік және медиация» басқармасының директоры Шырын Оразбаева Strategy2050.kz. ақпарт агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.

«2012 жылдың сәуірінде біз Әлеуметтік серіктестік пен медиация орталығын ашатын болып шештік. Мақсат бір-бірімізбен жақын араласу үшін осындай медиация орталықтарын біріктіру болатын. Ол кезде біздің қандай бағытпен жылжитынымызды нақ басып айту қиын болатын»,-деді Ш.Оразбаева.

Медиация орталығының іске қосылған үш жылда қалың көпшілік оған заңды тұлғалар арасындағы коммерциялық медиация, отбасылық медиация және еңбек дауларын сотқа дейін шешу мәселелері сияқты үш бағыт бойынша қайырылады.

Директордың сөзінше, Орталықтың жұмысы барысында медиацияның ресми түрдегі 30 оқиғасы болды. Ал ресми емес медиациялар саны одан да көп.

«Интернетте біздің телефон нөміріміз бар болмаса медиатр.кз орысша жазып, бізбен хабарласуға болады. Көптеген консультациялар тап осы телефон арқылы беріледі. Бізге көбіне еңбекті қорғау, жалақыны алу, сияқты мәселелер бойынша көп келеді»,-деді Ш.Оразбаева.

Сондай-ақ ол орталықта гендерлік теңсіздік пен 25 жастан кейін тұрмысқа шығудың қиындығы туралы зерттеу  жүргізіліп жатқандығы туралы айтты.

«Бірінші зерттеу, яғни гендерлі теңсіздік мәселесі біздің әйел азаматтарды саясат пен бизнест әлеуметтендіруге қатысты. Екіншісі, Қазақстанда бүгін 25 жастан асқаннан кейін тұрмысқа шығудың қиындығымен ұштасып жатыр. Бұл біздің ұлттық әл-ауқаттың артуымен байланысты туындаған проблема. Біз қазір көп уақытты оқу мен жұмыстағы әлеуметтену мәселесіне жұмсап, отбасылық өмір кешігіп қалады. Бұл өте өзекті тақырып»,-деді ол.

Әлеуметік серіктестік пен медиация орталығы консультация сияқты технологияларды дамытумен де айналысады.

«Біздің орталық үлкен ақыл-кеңес беретін орталыққа айналды. Сондай-ақ ол отбасылық құқық саласы бойынша кеңес беретін алаңға айналды. Мұнда кәсіби беімделу туралы, әкелік құқық сияқты мәселелер төңірегінде де әңгімелесуге болады. Медиация халықтың проблемалары бойынша күнде көмектеседі»,-деді Ш.Оразбаева.

Ақпарат көзі

 

0
0
1107