СҚО «Қазақтелеком» АҚ ұжымы елдің жемқорлыққа қарсы саясатымен танысты

Ағымдағы жылғы 14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін «Қазақтелеком» АҚ әкімшілік-басқару ұжымына арналған дәріс оқыды.
Департамент қызметкерлері 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаты мен міндеті, жемқорлық құқық бұзушылық үшін артқан жауапкершілік, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарында қарастырылған шаралар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ кездесу барысында, жиылған қауымның назарына әкімшілік тосқауылдарды жоюға бағытталған жұмыстар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құру бойынша шаралар ұсынылды.
Қоғамдағы жемқорлық сипаттарына нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін тиімді жұмыстардан бірқатар мысалдар келтірілді.

Жемқорлыққа қарсы бағытта түсірілген бейне роликтер көрсетіліп, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған Департаменттің интернет-ресурстары: «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» веб-сайты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы таныстырылды.
Жиын соңында, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлеріне алғыс ретінде гүл немесе кәделерді сыйлау заңдылығы туралы сұрақтарға жауап берілумен қатар, дәріс алушылардан Қазақстандағы жемқорлықтың статистикалық мәліметін (салалар, облыстар), жемқорлық бойынша еліміздің өңірлерінің рейтингісін мерзімді түрде ресми жария етіп отыру ұсыныстары да түсті.
