Оңтүстік Қазақстан облысында дөңгелек үстел өтті, тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу», «Бес институционалдық реформаның мән-мағынасын жеткізу және оның еліміз үшін маңызды екенін түсіндіру»
2015 жылдың 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (әрі қарай - Департамент) ОҚО статистика департаментінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу», «Бес институционалдық реформаның мән-мағынасын жеткізу және оның еліміз үшін маңызды екенін түсіндіру» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында кіріспе сөз статистика департаменті басшысының орынбасары Ж. Ережеповаға беріліп, әрі қарай статистика департаментінің жұмысы туралы басқарма басшысы Г. Алибаева баяндама жасады. Келесі сөз Әл-Фараби ауданы прокурорының көмекшісі аға прокурор Б. Тұяқбаевқа берілді.
Департамент қызметкерлері іс-шараның негізгі тақырыбына тоқтала келе, семинарға қатысушыларды Департаменттің құрылымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру қызметімен, сондай-ақ ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды. Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және бұл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылып жатқандығын жеткізді.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айта келе және оның еліміз үшін маңызды құжат екенін түсіндірді.
Семинарға қатысушылар институционалдық реформаға қатысты өз ойларын білдіріп, Елбасымен берілген тапсырмаларды орындау және шешу жолында тізгін басында тек қана туған елінің өркендеп өніп-өсуі үшін шынайы патриоттар, кәсіби шеберлер қалатындығы туралы айтылды.
Әңгіме барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланды. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Өткізілген іс-шараны қорытындылап, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
