Кәсіби педагогикалық колледжінің студенттері жемқорлыққа қарсы

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжінің оқытушылары мен студенттеріне арналған дәріс оқыды.
Департамент қызметкерлері 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаты мен міндеті, жемқорлық құқық бұзушылық үшін артқан жауапкершілік, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарында қарастырылған шаралар туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ кездесу барысында, жиылған қауымның назарына әкімшілік тосқауылдарды жоюға бағытталған жұмыстар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құру бойынша шаралар ұсынылды.
Ал студенттік жастармен байланысты нығайту мақсатында және олар мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық нормалар тәртібін ұстанбауы туралы, сонымен қатар жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері бойынша хабарласу үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары таныстырылды.
Дәріс соңында әдеттегідей, жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
