Оңтүстік Қазақстан облысының жастарымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында семинар өткізілді
2015 жылғы 10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) ұйымдастыруымен Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде Оңтүстік Қазақстан облысының жастарымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталмыш іс-шараның негізі мақсаты – қоғам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, бұл әлеуметтік құбылысқа азаматтардың мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны жетілдіру болып табылады.
Іс-шараға Департамент қызметкерлері , БАҚ өкілдері, жоғарғы оқу орнының мұғалімдері, университеттің студенттері.
Департамент қызметкерлері қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және бұл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері іс-шараға қатысушыларды Департаменттің құрылымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру қызметімен, сондай-ақ ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айта келе және оның еліміз үшін маңызды құжат екенін түсіндірді.
Іс-шара қатысушылары институционалдық реформаға қатысты өз ойларын білдіріп, Елбасымен берілген тапсырмаларды орындау және шешу жолында тізгін басында тек қана туған елінің өркендеп өніп-өсуі үшін шынайы патриоттар, кәсіби шеберлер қалатындығы туралы айтылды.
Әңгіме барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланды. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетілді. Өткізілген іс-шараны қорытындылап, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
