Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу» мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында сынып сағаты өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру әрбір Қазақстандықтың азаматтық парызы болуы керек, шыншылдық және сатылмаушылық қағидатын ұстануы қажет. Өсіп келе жатқан жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру маңызды мәселе болып қала бермек. Яғни, ерте бастан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік індет екенін жеткізу, бұл жамандық атаулыны түбімен жоюға өз септігін тигізеді.

Осыған орай, 2015 жылдың 8 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) Шымкент қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында сынып сағаты өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизмге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу, сондай-ақ бүкіл қоғамды қатыстыра отырып ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру болып табылады. Тек қана мемлекетпен қоғамның тығыз байланысы ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алады.

Іс-шара барысында мектептің 11 – сынып оқушыларымен әңгімелесу жүргізіліп, тыңдаушыларды Департаменттің құрылымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта оқушылар өз ойларымен бөлісіп, анонимді сауалнама жүргізілді. Қорытындылай келе азаматтардың өздерінің заңды мүдделерін іске асыру барысында құқықтық сауаттылығының төмендігі себепті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа алып келетіндігін жеткізді.

0
0
668

Осы тақырып бойынша