Мазмұнға өту

Жаңа

«Астана» «Бенфикадан» 0:2 есебімен ұтылды

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі.

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында өз алаңында «Астананы» қабылдаған Португалияның  «Бенфика»  командасы 2:0 есебімен басым түсті.

Бірінші голдың авторы Гайтан болса, екінші допты Митроглу соқты. «Астана» топтық кезеңде енді «Астана-Арена» стадионында түркиялық «Галатасарай» командасына қарсы  ойнайды. Ал, «Астананың» «Бенфикаға» қарсы қарымта матчы  қашан өтетіні əлі  белгісіз.

Айта кетейік, «Астана» командасы бүгін мына негізгі құрамда ойын көрсетті: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Жуков, Кетевоама, Каньяс, Джолчиев, Кабананга.

«Бенфика» командасында Жулио Сезар, Луизао, Элизеу, Жардел, Семеду, Самарис, Гайтан, Митроглу, Жонас, Гонсалу Гедеш, Талиска ойнады.

0
0
187

9 жасар Әмір Әнуарұлы 550 рет кеудесін жерден көтеру әдісін жасаған

Жас спортшы Қазақстанның рекордтар кітабына осымен екінші рет еніп отыр. Қазақ хандығының 550 жылдығына түрлі сала өкілдері ел болып үлес қосуда. Соның бірі 9 жастағы Әмір мерейтойға орай отжимание жасаудан жаңа рекорд орнатты. «Қабылхан атамдай болғым келеді»,-дейтін Әмір 550 рет кеудесін жерден көтерген. Әмір Әнуарұлы бір жылдай акробатикамен айналысқан. Әкесінің айтуынша, оның мұндай жаттығумен айналыса бастағанына жарты жылдай уақыт болған. Алғашында бірден 250 рет жасаған екен. Баласының спортқа деген бейімін байқаған әкесі қазір жаттығуын үзбейміз дейді. «Бір жылда осындай жетістікке жетіп отырмыз. Алда әлі талай рекорд жасайтын боламыз»,-дейді әкесі. Әмір Қазақстанның рекордтар кітабына осымен екінші рет еніп отыр. Алғашында ол «Street Workout» бойынша Ақмола облысында өткен чемпио…

0
0
214

Ибрагим Ескендірдің шығармашылық кеші өтеді

Әнші жуырда «Қазағым» атты әніне бейнебаян түсірді. Әнші Ибрагим Ескендір «Қазағым» атты әніне бейнебаян түсірді. «Жалпы, бейнебаян көңілімнен шықты. Себебі, алыс-жақындағы қандастармен бірігіп түсірілген бейнебаян. Әнді Ұлыбритания, Қытай, Еуропа елдеріндегі қазақ студенттері бірігіп орындадық. Негізгі мақсат – қазақ баласы әлемнің қай бұрышында болса да туған елін, жерін, Туын, бірлігін ұмытпайды дегенді жеткізу. Бағасын халық бере жатар»,-дейді әнші. Жуырда өткен «Алтын тұлпар» додасында Ибрагим Ескендір ат үстінде «Алтын тұлпар» әнін орындады. Бұл турасында өзі: «Атқа міну қазақ баласы үшін таңсық дүние емес. Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының ашылу салтанатында керемет сөз айтты. «Біз, қазақ халқы, бабалар тұлпарының тұяғымен тарих жазған халықпыз»,-деді. Расымен де, осы…

0
0
327

БЖК-2020 бағдарламасы аясында Ақтау сүт зауыты өз өнімінің түрлерін 40-қа жеткізді

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында «Ақ нек» сүт өнімдері зауыты сұйық және қою өнімдерді құятын автоматты құрылғыларды сатып алды, жаңа техника өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкінік берді, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, «Ақ нек» зауыты Маңғыстау облысының аумағында 1997 жылдан бастап табысты жұмыс істеп келеді. Осыдан екі жұл бұрын ол 15 түрлі өнім өндірсе, 2015 жылы ол 40-қа жетті. Ағымдағы жылы олар жаңа өндіріс - «Таң» сусынын өндіруді іске қосты. «Өткен жылы біз «Даму» қорының қолдауымен сұйық және қою өнімдерді құятын автоматты құрылғыларды сатып алдық. Бұған дейін айран мен қаймақты адамдар қолмен құятын, енді ол техникамен жасалады, бұл бактерия қаупін төмендетіп отыр және өнім өндірісін арттыруға мүмкінд…

0
0
678

Жастар өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік алды

Бүгін, қыркүйектің 15 жұлдызында Петропавл қаласындағы «Нұр Отан» мекемесінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы жастарды өздерінің «Болашақ» Ұйымымен бірлесе жасаған жобасы - «Startup «Bolashak» старт-ап жобаларының сайысымен» таныстырып өтті. Бұл жоба жастарда кәсіпкерлік жайлы оң көзқарас туғызып, олардың идеяларлын жүзеге асырып, қолдау көрсетуге бағытталған. Кездесу барысында қатысушы жастар өз идеяларының мәні, оның жаңашылдығы мен коғамдық пайдасы жайлы жазбаша түрде бөлісті. Жобаның мақсаты – елімізге, қоғамға септігін тигізер жобаларды анықтап, дарынды, шығармашыл жастарды іріктеу болғандықтан, оның соңында ең қызық, ең пайдалы, жаңашыл жобалар іріктеліп алынады. Ал олардың авторлары өз жобаларын іске асыру мақсатында грантқа,…

0
0
424

Қайда жүрсің сен жаным

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Крис Сфирис «Carino»

Бейнематериал авторы – Levonbastion «Природа осени»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Қайда жүрсің, сен жаным, сағындырып?

Сен деп жатыр, әндерім, көп жазылып.

Естейсің бе, оқисың ба әйтеуір?

Арамызда, өте алмайтын бір көпір.

 

Жүрегіме от салып, сен лаулатып,

Өте шықтың жұлдыздай, ағып өтіп.

Кете бардың, сен мені, адастырып,

Сонда да, тұрмын әлі, сені күтіп.

 

Іздеймін, мен сені махаббатым,

Бұл тағдырға, қояр ем, бірақ сұрақ.

Жауапсыз, таусылды ма тағатым?

Әйтеуір, тұрмын үнсіз, жолға қарап.

 

Қайтейін, білемін ғой, өмір жалған,

Мен үшін, алдамшы боп, енді қалған.

Шаршадым-ау, шаршадым, мен тосудан,

Бекер қиял, бекер, бекер армандаудан.

2
1
1189

11,3 мыңнан астам ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

2015 жылғы 16 наурыз бен 14 қыркүйек аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 11398 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 11398 азаматтың 7317-сі түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 2157 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 1924 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды. Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 14 қыркүйек аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлері…

0
0
276

Тәндегі жасанды таңба

Ал, сіз білесіз бе? 6 мың жыл бұрын пайда болған денеге шұра салу ру-тайпалардың белгісі саналған. Сондай-ақ, ежелгі адамдар аңдарды қорқыту үшін арнайы боянып алатын болған. Сенесіздер ме, ХVІІІ ғасырға дейін Еуропада татуировкаға тыйым салынып келіпті. Египетте, Қытайда, Жапонияда, Мексика мен Никарагуада масқаралау үшін таңбалаған. Қазақта «сүйекке таңба болып басылды», «жүзі қара» деген қарғыс сөздер қаратпаға айналып бара жатқаны өкінішті. Арнайы белгілерді малға ғана енгізген апаларымыздың өзі бүгінде қастарын сыздырып алған. Қолжетімді болғаны соншалық, екінің бірінде жасанды кірпік, жасанды қас. Таңба түскен тәнін көрсетіп жүру үшін жеңіл киінуге әуес болып барады. Қала берді құлағы, мұрны, кіндігі, тіпті тіліне пирсинг жасатып алатындарды көріп, жаға ұстамайтын болдық. Көтерілген…

1
0
1021

Жұмыспен қамтудың кешенді шараларын жүзеге асыру аясында 269 мың адам жұмысқа орналастырылды

Қазақстанда жұмыспен қамтудың кешенді шараларын жүзеге асыру аясында 269 мың адам жұмысқа орналастырылды, ол жылдық көрсеткіштің 80%-дан астамын құрап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Халықты жұмыспен қамту шаралары туралы» тақырыбында өткен брифингінде «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның президенті Дәулет Арғындықов мәлімдеді. Ол Қазақстанда ағымдағы жылдың 2 тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда 5%-ды құрап отырғанын мәлімдеді. Жұмыссыздар саны 448,5 мың адамды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 3,4 мың адамға немесе 0,7%-ға төмендеді. Халықаралық еңбек ұйымының бағалауынша, әлемдегі жұмыссыздық деңгейі 5,9%-ды құрап отыр. Бұл 200 млн. астам адам жұмысқа…

0
0
244

БЖК-2020 аясында «Даму» қоры несиелерді кепілдендіру құралын жетілдіруде

Екінші деңгейлі банктер кепілдегі мүліктерге тым жоғары талаптар қояды және бұл кәсіпкерлердің несие алуларына айтарлықтай қиындықтар тудыруда. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры несиелерді кепілдендіру құралын дайындауда. Бұл туралы «Даму» қорының басқарушы директоры Ғасбит Лесбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Талаптардың тым жоғары жағдайында кепілдендіру сияқты құралдарды «Даму» қоры арқылы мемлекет жүзеге асыруда. Шағын және орта бизнес саласындағы 1 мың 133 компания олардың несиелері бойынша кепілді мүлікті кепілдендіру мүмкіндігін алды. Кепілдердің жалпы сомасы 22,9 млрд теңгені құрайды. Бұл шара кәсіпорындарға 52 млрд теңгенің көлеміндегі несиелерін алуға мүмкіндік жасады. Мұндай жағдайда бағдарламаның болашағы зор болады деуге болады және «…

0
0
372