Мазмұнға өту

Жаңа

Футзал. Қазақстан-Босния және Герцеговина құрамасы арасындағы матчты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Еуро-2016 іріктеу кезеңіндегі соңғы ойын 22 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді. Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 турнирінің финалдық кезеңінде ойнау үшін ертең Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін Босния және Герцеговина құрамасын қарсы ойында жеңіске жету керек. Жеңіске жетпеген күннің өзінде де, қарсылас құрамадан 5 доп айырмашылығымен жеңілмеу керек. Сонда ғана, футзалдан Ұлттық құрама тұңғыш рет Еуро турнирде ойнайды. Босния және Герцеговинада өткен алғашқы ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы 0:5 есебімен жеңіске жеткен. Дәурен Нұрғожин, Серік Жаманқұлов және Лео бір голдан салса, Дуглас дубль авторы атанған. Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Босния және Герцеговина арасындағы матч 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде…

0
0
231

«Түнгі студияда» — Тәуекел Мүсілім

Актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілімнің сұхбатын бүгін 23:00-де көріңіз.

Тәуекел Мүсілімді қалың көпшілік  тележүргізуші ретінде таныды. Түрлі жарнамалар арқылы да жүзі таныс. Соңғы кездері актерлік қырынан көрініп жүрген оның әншілік те қыры бар.

Негізгі мамандығы актер де, әнші де, тележүргізуші де емес – машина жасау саласы бойынша инженер-механик. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды тәмамдаған.

Өзі бұл турасында: «Магистратураға түспес бұрын бір жылдай өз мамандығым бойынша жұмыс істедім. Әйткенмен, таңнан кешке дейін кеңседе отырып жасайтын жұмысты қаламадым»,-дейді.

Шоу-бизнестегі қадамын жарнамалар мен бейнеклиптерге түсуден бастаған Тәуекел Мүсілім бүгін 23:00-де«Түнгі студияда» қонақта.

0
0
505

Бүгін – «Келін» эфирге шығады

Қалың көпшіліктің жүрегін жаулап алған басты кейіпкерлердің шытырман оқиғалары қайта жалғасын таппақ.

Ұлттық арна көрермендерінің сұрауы бойынша, бүгін 22:00-де «Келін» телехикаясы эфирге қайта шығады.

«Келін» - керемет актерлік құрамы бар, әдемі киім үлгілерімен, қайталанбас шығыс колориті бар үнді кинематографиясындағы үздік туындылардың бірі.

Жаңа маусымда көрермендерді көгілдір экранда көптеген сезімдерге толы ғажап сәттер, құштарлық пен толқулар және шытырман оқиғалар күтіп тұр.

«Келін» телехиякасын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан дүйсенбі-жұма аралығында 22:00-де тамашалай аласыздар.

0
0
334

Қазақстандық дәрілік заттардың сараптама орталығы Еуропалық сапаны бақылайтын зертханалардың ресми желісіне кірді

ҚР ДСӘДМ дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығының Сынақ орталығы (әрі қарай - ДҚСҰО) 2019 жылдың наурызына дейін жарамды EDQM/MJA-093 аккредиттеу аттестатын алып, OMCL (GEON) жалпы Еуропалық дәрілік заттардың сапасын бақылау зертханалар ресми желісінің қауымдастырылған мүшесі дәрежесін иеленді. Бұл Сынақ орталығының ISO/IEC 17025 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес екендігін куәландырады. Дәрілік заттар мен денсаулық сақтау еуропалық директораты (әрі қарай - EDQM) – Еуропадағы дәрілік заттардың сапа стандарттарын анықтауға жауапты ресми үкіметаралық орган. Сонымен қатар, ол Еуропалық фармакопеяны (ЕО елдерінде фармацевтикалық өнім шығаруда қолданылатын құжат) шығарушы болып есептеледі. EDQM міндеті – денсаулық сақтау…

0
0
594

Н.Назарбаев: Екі елдің кедендік шекараларын ашу екіжақты экономикалық қатынастарға оң ықпал етеді

Елбасы Нұрсұлтан НазарбаевҚырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында екі мемлекеттің көшбасшылары еуразиялық ықпалдастық мәселелерін және Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты өзара іс-қимылдың, сондай-ақ оған ЕАЭО аясында қолдау көрсетудің жаңа жағдайларын талқылады. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен оның инвестиция, өнеркәсіп, жол құрылысы, туризм және басқа салалардағы перспективалары қарастырылды. Мемлекет басшысы қазақ-қырғыз қарым-қатынасы әрдайым жоғары деңгейде екенін, Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі қазірдің өзінде 1 миллиард доллардан асатын тауар айналымын одан әрі жандандыра түсуге жағдай туғызатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, кедендік шекарал…

0
0
345

Алматы облысының әлеуметтік нысандарында биоотынның жылыту жүйесі пайдаланылады

Заманауи биоотынның жылыту жүйесіне Ақсу, Кербұлақ және Ұйғыр аудандарындағы әлеуметтік нысандар қосылған, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Аталып өткендей, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Кербұлақ ауданында болды. Сапар барысында облыс басшысы өңірдегі бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, егіс жинау науқанының және ауыл шаруашылығы техникаларының жағдайымен танысты. Аймақ басшысының бірінші тоқтаған нысаны - шөп жинауға қарқынды кіріскен «Абыхан» шаруа қожалығы болды. Сонымен қатар өз жұмыстары туралы «Ақылбай-2» және «Зарина» шаруа қожалықтарының басшылары да баяндады. Көксу ауылдық округінің әкімі Ерғали Сатымбаевтың айтуынша, алқаптардан жиналған сабан Көксу ауылында биоотын өндірісіне пайдаланылады. Осы биоотынның жылыту жүйесінде қолдан…

0
0
688

Суретші Кәріпбек Күйіков Нью-Йоркті туындыларымен таңдандырды

Туғаннан қолы жоқ Кәріпбек Күйіков өз картиналарын қылқаламды тісімен немесе аяқтарының башпайымен қысып салады. Ендігі ретте 46 жастағы суретші Кәріпбектің Нью-Йоркте көрмесі ашылып отыр.

-Қылқаламды аузымен немесе аяғымен ұстап, сурет салатын, жазу жазатын адамдарды көрсем ерекше таңқаламын. Алайда қазақстандық суретшінің еңбектері тіптен керемет. Кәріпбек осыған дейін мұндай көрмелерді Хиросима мен Нагасакиде өткізгендігін білемін,- деп таңданысын жасырмады БҰҰ Бас хатшысының орынбасары  Юкио Такасу.

0
0
1423

Заман талабына сай білім қандай болуы керек?

Бүгін 11:45-те «Серпіліс» хабарынан қайталауын көре аласыздар.

Бүгінгі жаһандану заманында мықты мемлекет болу үшін алдымен білімді болу шарт.  Біздің қоғамда жоғары біліммен қатар, орта біліммен де жұмыс істеп жүргендер баршылық. Осы орайда орта білім мен жоғары білімнің қайсысының  экономиканың дамуына әсері жоғары, деген заңды сауал туындайды.

Дамыған елдерде экономиканың даму деңгейінің көтерілуіне байланысты білім деңгейінің дамуы қатар жүреді.  Біздің қоғам бұл межеге қашан жетеді? Заман талабына сай білім қандай болуы керек?

Бүгін 11:45-те «Серпіліс» хабарынан қайталауын көре аласыздар.

0
0
552

Айбек Қалиев: Әрбір айтыстан кейін халықтың пікіріне құлақ түре жүремін

«Таңшолпан» бағдарламасының қонағы – айтыскер ақын Айбек Қалиев.

Алматыда қала күніне және Қазақ хандығының 550 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтуде.

«Заманға сай айтыс та дамып келе жатыр. Көптеген жас ақындар шықты. Олардың алымы да, қарымы да мықты. Сондықтан, айтыс жасарып келеді. Өнердің қай түрі болмасын, бірде өрлеу, бірде құлдырау, енді бірде кері шегіну болады. Бұл - қалыпты құбылыс.

Әрбір айтыстан кейін халықтың пікіріне құлақ түре жүремін. Орынды сын болса, әрине, қабылдаймын», дейді ақын.

Толығырақ «Таңшолпанда».

0
0
260

Қазақстанда алғаш рет «Sandi Beksirga» атты ұлттық стильдегі сән студиясын ашқан талантты қазақ қызы Сәндімен бет әрлеудің қыр-сыры туралы сұхбат құрдық Sandi Beksirga

Жақында халықаралық кәсіби тренер, мэйк-ап жасаудың мойындалған шебері, танымал визажист Сәнді Бексырға Астана қаласына келіп, 10 күндік шеберлік сыныбын өткізді. Қазақстанда алғаш рет «Sandi Beksirga» атты ұлттық стильдегі сән студиясын ашқан талантты қазақ қызы аз уақыттың ішінде отандық сән әлеміне өзіндік қолтаңбасымен танылды. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, Сәндімен жүздесудің сәті түсіп, бет әрлеудің қыр-сыры туралы сұхбат құрдық.


0
0
2083