Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбеде «Тіл мәртебесі — ел мәртебесі» сайысы өтті

Ағымдағы жылдың  15  тамызында «Қазақстан халықтарының күні» мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласындағы  Г. Жұбанов атындағы  облыстық филармония ғимаратында батыс аймақтық ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің департаменттер арасында  «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» байқауы өтті

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік тілге, ұлттық  салт-дәстүрге деген құрмет,  қызметкерлердің қазақ тілін  білу және жұмыс бабында пайдалану  денгейін анықтау, мемлекеттік тілді  пайдаланудың ауқымын кеңейту дәне мамандардың шығармашылық әлеуетін шындау болып табылады.

Байқауды Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев ашып, өз сөзінде  «Елмізде мемлекеттік тілді дамытуға Елбасы баса назар аударып келеді. Сонымен қатар, мемлекетімізде қазақ тілімен қатар ресми тіл ретінде орыс тіліде пайдаланады. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп бекер айтылмаса керек. Себебі қазақ тілі ұлттарды бірлікке шақыратын тіл деп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазылар алқасы топтарды қазақ тілін білуі және актерлық шеберліктеріне  қарап бағалады.

Сайыс өте жөғары деңгейде өтті, сайыскерлер бұл сайысқа  жақсы дайындалғаны байқалды. Маңғыстау облысы бойынша департаментінен Е.Жұмабай, А.Сванбаева, Ю.Резниченко, Н.Долдашев және Ж.Шыртанова қатысты.

Департамент қызметкері Ю.Резниченко орыс  ұлт  өкілі болсада қазақ тіліне деген құрметі өте зор,  мемлекеттік тілде өз-өзін таныстырып, ұлттар достастығы түралы айттып,  Е.Хасанғалиевтің  «Қазақ елі» әнін орындап  көрермендерді таңғалдырды.

Нәтижесінде  үшінші орын Батыс-Қазақстан және Атырау облысына, екінші  орын Маңғыстау облысына, бірінші орынды иеленген Ақтөбе облысы иеленіп еліміздің басқаласы Астанада республиқалық байкауда батыс өлкенің намысын қорғайтын болды.

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталып, ерекше өнер көрсеткен қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.   басы баса назар аударып келеді»

0
0
561

Осы тақырып бойынша

Ақтөбеде «Тіл мәртебесі — ел мәртебесі» сайысы өтті - Yvision.kz