Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтауда «Білімді ұрпақ» акциясы өтті

Ағымдағы жылдың  25 тамызда Ақтау қаласында Облыстық            ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының концерт залында «Мейірім-Ақтау жастары», «Қамқор –Ақтау жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1-қырқүйек білім күніне орай мүмкіндігі шектеулі және мүжәлсіз отбасы балаларына «Білімді ұрпақ» қайырымдылық акциясы  ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңесінің төрағасы  М.Қадырбек, әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы С.Сихымбекұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты А.Сванбаева, Маңғыстау облысы бойынша жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Тұяқов, «Қамқор-Ақтау жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.Тайғара, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңесінің төрағасы М.Қадырбек ата аналарды, оқушыларды, мүмкіндігі шектеулі Сайын Дариғаға және мүжәлсіз отбасы Жолдасбаевтар  Базарбай, Наргиза Назира, Жансулуды келе жатқан білім күнімен құттықтап оқу құралдарын табыс етіп, департамент атынан қаржылай көмек көрсетті. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

0
0
456

Осы тақырып бойынша

Ақтауда «Білімді ұрпақ» акциясы өтті - Yvision.kz