«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін
«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау ХҚКО арқылы жүзеге асырылады «Болашақ» бағдарламасының степендиянттарына арнамақпыз. Әрбір ҚР азаматы шет елге оқуға түскен кезде бірқатар құжаттарды жинап, конкурстарға қатысуына тура келеді. Ал Астана қаласының ХҚКО-сы «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.Сонымен, сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер болсаңыз ХҚКО-ға қандай құжаттармен келуіңіз керек?Егер сіз мемлекеттік қызметкер, ғылыми-педагог қызметкер, өз бетінше оқуға түскендер санаттарына жататын немесе мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатарынан, философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға үміткер болсаңыз, онда сізге:1. жұмыс орныңызды сақтау шарты мен жұмыс берушінің маман даярлауға өтініші;2. жұмыс органы бекітетін шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың (бар болған жағдайда) көшірмесі;3. таңдап алған мамандық/зерттеу тақырыбы мен оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемелері көрсетілген еркін нысандағы өтініш;4. «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін толтырған сауалнама;5. жеке куәлігіңіз бен төлқұжатыңыз;6. дипломыңыз (тағлымнан өтуге үміткерлерге қатысы жоқ), сондай-ақ, егер шетелдік біліміңіз бар болса, оны тану және ностификациялау туралы куәліктің көшірмесі;7. денсаулығыңыз жайлы медициналық анықтама;8. еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;9. бар болған жағдайда, мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың көшірмесі тапсырылады.Сондай-ақ жоғарыда айтылған құжаттарға қоса төмендегі санатты үміткерлер үшін қосымша құжаттар тапсырасыз;10. Конкурсқа өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс берушінің ұсыным хаты, оқу бағдарламасы, мамандығы және кезеңі көрсетілген, академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттар және бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, оқу курсы, нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама. Осы санаттағы үміткерлер мен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне енгізілген шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспары;11. Жоғары оқу орындарының бітірушілері санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан өтінімі;12. Егер сіз тағлымнан өтпек болсаңыз мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, тағлымнан өту мерзімдері, құны көрсетілген тағлымға қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз шақыртуын растайтын құжаттар, жұмыс органы белгілейтін және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрастырылған тағылымдамадан өту бағдарламасы;
Осы құжаттарды толықтай өткізген жағдайда ХҚКО қызметкері сізге құжаттың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды ХҚКО-ға тапсырған күнді есептемегенде екі жұмыс күні ішінде қаралады.
